|
|
|
"Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы" "Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы" 1997 жылғы 27 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 6, 69-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1. 11-баптың 2-тармағында "шарттық негізде" деген сөздердің алдынан "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес" деген сөздер қосылсын. 2. 12-баптың 2-тармағында "құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды" деген сөздер "құтқару жұмыстарын" деп жазылсын. 3. 15-бап мынадай редакцияда жазылсын: "15-бап. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының қызметін қаржыландыру Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады". Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |