|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң "Дарын" мемлекеттік-жастар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 20 қыркүйектегі № 1038 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды 2000 жылы "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын алуға конкурс өткiзуге байланысты Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы жөніндегі комиссиясының құрамы бекітілсiн. 2. "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы жөніндегі комиссиясының құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 27 қазандағы № 1086 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 38, 344-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 шілдедегі № 1074 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінiң "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы жөнiндегі комиссиясының ҚҰРАМЫ Сәрсенбаев Алтынбек Сәрсенбайұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрi, төраға Коржова Наталья Артемовна - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi, төрағаның орынбасары Кәлетаев Дархан Аманұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң Iшкi саясат департаментi жастар саясаты бөлiмiнiң бастығы, жауапты хатшы Ғылым, техника және сәулет секциясы Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы - Қазақстан Республикасы Инженерлiк академиясының президентi (келісім бойынша) Ибраев Бек Әнуарбекұлы - Қазақстан Республикасы Сәулеткерлер одағының мүшесi (келісім бойынша) Қошанов Аманжол Қошанұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының гуманитарлық және қоғамдық ғылымдар жөніндегі академик-хатшысы (келісім бойынша) Сапарғалиев Ғайрат Сапарғалиұлы - Қазақ мемлекеттік заң академиясы мемлекет және құқық институтының директоры (келісім бойынша) Спанов Мағбат Уарызбекұлы - Қазақстан даму институтының президентi (келісім бойынша) Тәкiбаев Нұрғали Жабағыұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының бас ғалым- хатшысы (келісім бойынша) Мәдениет, өнер, әдебиет, журналистика және спорт секциясы Әбдiрахманов Сауытбек Әбдiрахманұлы - "Қазақ теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясының бiрiншi вице-президентi (келісім бойынша) Андриасян Рубен Суренович - М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс театрының бас режиссерi (келісім бойынша) Есдәулетов Ұлықбек Оразбайұлы - Қазақстан Жазушылар одағының басқарма мүшесi (келісім бойынша) Жүнiсбаев Несiп Жүнiсбайұлы - "Спорт" газетiнiң бас редакторы (келісім бойынша) Қасейiнов Дүйсен Қорабайұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және коғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетiнiң төрағасы Қонақбаев Серiк Керiмбекұлы - Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісiнiң депутаты (келісім бойынша) Медетбек Темiрхан - Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы (келісім бойынша) Мұхамеджанов Төлеген Мұхамеджанұлы - Астана қаласы әкімінiң орынбасары Мұсаходжаева Айман Қожабекқызы - Қазақ ұлттық музыка академиясының ректоры (келісім бойынша) Михайлов Валерий Федорович - "Казахстанская правда" газетiнiң бас редакторы (келісім бойынша) Смағұлов Максим Жұмаханұлы - Қазақстан Кинематографистер одағының президентi (келісім бойынша) Тiлеухан Бекболат Қанайұлы - Қазақстан Республикасының Президентi Республикалық гвардиясы оркестрiнiң халық аспаптары ансамблiнiң көркемдiк жетекшiсi (келісім бойынша)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |