|
|
|
Жекелеген ұйымдарға қатысты мемлекеттік меншiктiң түрiн өзгерту Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетiнiң коммуналдық меншiкке берiлетiн ұйымдарының тiзбесi бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Су ресурстары жөніндегі комитетi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп облыстардың әкiмдерiмен келісім бойынша, заңнамада белгiленген тәртiппен, осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген ұйымдарды қабылдау-тапсыру жөніндегі қажеттi ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын. 3. Облыстардың әкiмдерi, заңнамада белгiленген тәртiппен, коммуналдық меншiкке берiлген ұйымдардың қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн. 4. "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн. көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесіндегі "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Су ресурстары жөніндегі комитеті" бөлiміндегі реттiк нөмiрi № 124-1-жол алынып тасталсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 26 шiлдедегi № 1128 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Су ресурстары жөнiндегі комитетiнiң коммуналдық меншiкке берiлетiн республикалық объектiлерiнiң тiзбесi Алматы облысы 1. "Алматысушар" республикалық мемлекеттік кәсiпорны 2. "Ұйғыр су шаруашылығы жүйелерi басқармасы" мемлекеттік кәсiпорны 3. Панфилов су шаруашылығы жүйелерi басқармасы 4. Ақсу су шаруашылығы жүйелерi басқармасы 5. Балқаш су шаруашылығы жүйелерi басқармасы 6. Iле су шаруашылығы жүйелерi басқармасы 7. "Жамбыл су шаруашылығы жүйелерi басқармасы" мемлекеттік мекемесi 8. Көксу ауданының су шаруашылығы жүйелерi басқармасы 9. "Талғар аудандық су шаруашылығы жүйелерi" басқармасы мемлекеттік кәсiпорны 10. Алакөл су шаруашылығы жүйелерi басқармасы 11. "Сарқант су шаруашылығы жүйелерi басқармасы" мемлекеттік кәсiпорны 12. Алматы суғару жүйелерiнің өндiрiстiк-шаруашылық есептегi учаскесi 13. "Сорбұлақ насос станцияларын пайдалану жөніндегі басқармасы" мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында) 14. "Су шаруашылығы жүйелерiн басқару жөніндегі Ақши кәсiпорны және "Ақбұлақ" Бозой су құбыры" мемлекеттік кәсiпорны 15. "Қаратал су шаруашылығы жүйелерi басқармасы" мемлекеттік кәсiпорны Қарағанды облысы 16. Киев су құбырлары басқармасы 17. Қарқаралы су шаруашылығы жүйелерi басқармасы Оңтүстiк Қазақстан облысы 18. Төлеби су шаруашылығы жүйелерi басқармасы 19. Сайрам аудандық су жүйелерi басқармасы 20. Түлкiбас су шаруашылығы жүйелерi басқармасы 21. Бәйбдiбек (Алғабас) аудандық су шаруашылығы жүйелері басқармасы 22. Отырар (Шәуілдiр) су шаруашылығы жүйелерi басқармасы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |