|
|
|
Павлодар облысы бюджетінің кредиторлық берешегiн өтеу туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 26 сәуірдегі № 8-012-4-9 iсi бойынша шешiмiн орындау үшiн және "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" және "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, сондай-ақ "Кредиторлық берешектi өтеудi ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 1 наурыздағы № 337 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Павлодар облыстық атқарушы органының әлеуметтiк мақсаттарға алынған несие бойынша "Қазкоммерцбанк" ашық акционерлік қоғамының алдында туындаған мiндеттемелерi бойынша, 149623118 (жүз қырық тоғыз миллион алты жүз жиырма үш мың жүз он сегiз) теңге сомасындағы кредиторлық берешегiн ортақ жауапкершiлiк шегiнде республикалық бюджетке төленетін төлемдер бойынша шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң берешегiн өтеу есебiнен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң заңнамада белгiленген тәртiппен өтеуi туралы Кредиторлық берешекті өтеуге байланысты мәселелердi қарау жөніндегі комиссияның ұсынысына келісім берiлсiн. ҚР Үкіметінің 23.02.02 ж. № 242; 06.03.03 ж № 225 қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен: Павлодар облыстық атқарушы органының кредиторлық берешегiн өтеудi қамтамасыз етсiн; Павлодар облыстық атқарушы органымен осы қаулының 1-тармағына сәйкес төленген сомаларды республикалық бюджетке өтеуді 2004 жылдан бастап 2004-2010 жылдардың ішінде, келісілген кесте бойынша кейiннен орнын толтыру туралы келісім жасассын; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігімен бiрлесiп, республикалық бюджет алдындағы көрсетiлген кредиторлық берешектi өтеу жөнiнде есеп айырысу жүргiзудi қамтамасыз етсiн. 3. Қазақстан Республикасының Қаржы, Мемлекеттік кiрiс, Көлiк және коммуникациялар министрлiктерi "Қазкоммерцбанк" ашық акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бiрлесiп: осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген, мемлекеттің үлесi бар шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң несиенi "Қазкоммерцбанк" ашық акционерлік қоғамына қайтару кестесiн анықтасын; осы шаруашылық жүргiзушi субъектінiң мүлкiне қойылатын талаптардың туындауын болдырмау мақсатында, оның республикалық бюджет алдындағы берешегiн өтеуге берген несиесiн, көрсетiлген шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң уақытылы және толық қайтаруына белгiленген тәртiппен бақылауды қамтамасыз етсiн. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Ә. Өтембаевқа жүктелсiн. 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |