|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 10 желтоқсандағы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 54, 538-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік білiм беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртібі туралы нұсқаулықтағы: 2-тармақ алынып тасталсын; 3-тармақта: бiрiншi абзацтағы «гранты (тапсырысы)» деген сөздер «тапсырысы (гранты), сондай-ақ бастауыш кәсiптiк білім беретiн мемлекеттік мекемелер» деген сөздермен ауыстырылсын; 1) тармақшада «мемлекеттік» деген сөздiң алдынан «бастауыш, орта және жоғары кәсiптiк білім беретiн» деген сөздермен толықтырылсын; 5-тармақта «2,15 есе мөлшерiнде» деген сөздер «2,45 есе мөлшерiнде» деген сөздермен ауыстырылсын; 14-тармақ алынып тасталсын; 19-тармақта: «грант (тапсырыс)» деген сөздер «тапсырыс (грант)» деген сөздермен, «жақсы» және «өте жақсы» деген бағалар алған» деген сөздер «жақсы», «өте жақсы» деген бағалар алған» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Жоғары оқу орындарының студенттерi, магистранттары, интерндерi, бастауыш және орта кәсiптiк оқу орындарының оқушылары болып табылатын барлық үлгерушi (емтихандық сессияның нәтижелерi бойынша қарызы немесе аралық аттестацияның нәтижелерi бойынша қанағаттанарлықсыз бағасы жоқ) жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға мемлекеттік стипендия тағайындалады»; 26-тармақтың үшiншi абзацындағы «үш» деген сөз «бiр жарым» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулыны 2000 жылы iске асыру республикалық және жергiлiктi бюджеттерде стипендияларды төлеуге көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылсын. Алдағы жылдары көрсетiлген мақсатқа қажеттi қаражат тиiстi бюджеттердiң шығыстары құрамында белгіленген тәртiппен көзделсiн. 3. Осы қаулы 2000 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |