|
|
|
Жинақ ақшаларды қорғау және ынталандыру жөнiндегі iс-шаралар Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан қаржыгерлерiнiң 1999 жылғы 28 мамырда өткен I Конгресiнде сөйлеген сөзiнен туындайтын мiндеттердi жүзеге асыру жөніндегі iс-шараларды орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған Жинақ ақшаларды қорғау және ынталандыру тұжырымдамасы мақұлдансын. 2. Қоса берiлiп отырған Жинақ ақшаларды қорғау және ынталандыру жөніндегі iс-шаралар жоспары бекітілсiн. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiне жүктелсiн. 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялауға жатады. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Жинақ ақшаларды қорғау және ынталандыру ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ Кiрiспе Әртүрлi сараптау бағалаулары бойынша Қазақстанның тұрақты табысы бар немесе кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын (оның iшiнде заңды тұлға құрмастан) азаматтарының едәуiр бөлiгiнiң "жастық астында" сақталып жатқан, ұйымдастырылмаған, жасырын жинақ ақшалары бiр миллиардтан үш миллиардқа дейiнгi АҚШ долларын құрайды. Осындай бағалаулардың әдiстемелерi бiрiнiң негiзi ретiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетелдiк валютаны әкелу-әкету сальдосы (нетто-әкелiм 1997-1999 жылдары жыл сайын орташа есеппен 2,5 миллиардқа жуық АҚШ долларын құрады) туралы, қолма-қол шетелдiк валютаны нетто-сатулар (олар осы кезең iшiнде жыл сайын орта есеппен тек қана 2,4 миллиардқа жуық АҚШ долларын құрады) туралы статистикасы және қолма-қол шетелдiк валютаның қандай бөлiгi жинақ ақшаларды жүзеге асыруға арналғандығы, ал қандай бөлiгi "көпшiлiк қолды тауарлар" бизнесiне және есеп айырысулар ол бойынша шетелдiк валютамен "дәстүрлi" жүзеге асырылатын автомобиль, тұрғын үй және басқа тауарлар рыногындағы "сұрқай" айналымға қызмет көрсететiнi туралы шартты жорамал пайдаланылады. Осы сомалар елдiң iскерлiк айналымында пайдаланылмайды және америка экономикасындағы инфляция қарқынына сәйкес құнсызданады. Салыстыру үшiн - халықтың қазақстандық екiншi деңгейдегi банктердегi салымдары 2000 жылғы 1 наурызға 59,9 миллиард теңгенi (осы күнге биржалық бағам бойынша 426,7 миллионға жуық АҚШ долларына балама) құрайды. Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі жиынтық зейнетақы активтерi осы күнге 70,5 миллиард теңгенi (502,2 миллион АҚШ долларына жуық балама) құрайды. Халықтың сақтандыру ұйымдары және бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары арқылы жүзеге асырылатын жинақ ақшаларының нақты түрде мүлдем болмауын ескерсек, халықтың жасырын жинақ ақшаларының көлемi банктiк және жинақтаушы зейнетақы жүйелеріндегі сомадан ең аз дегенде бiр жарым есе асып түседi. Бұл ретте барлық зейнетақы жинақтарының, iс жүзiнде, ерiкті емес, мiндеттеу сипатында жүретiнiн атап өту қажет. Қаржы рыногында қалыптасқан басқа жағымсыз үрдiс, бұл салымшылар жасының ұлғаюы болып табылады. "ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚТЫҚ ЖИНАҚ БАНКI" ААҚ-ның (оның халықтың барлық депозиттерiнiң жартысынан астамы шоғырланған) бағалауы бойынша ақша жинақтауға бейiм және оларды банктiк депозиттер арқылы жүзеге асыратын адамдардың жасы 50-ден асады. 30-дан 40 жасқа дейiнгi аса жоғары табысты азаматтар өз ақшаларын қолма-қол шетелдiк валютаға немесе ұзақ пайдаланатын тауарларға салуға баса мән берiп, не өздерiнiң жинақ ақшаларын шетелдiк, ең алдымен оффшорлық банктерге әкетiп, өздерiнiң жинақ ақшаларын сақтауға арналған қазақстандық қаржы институттарының қызметiн пайдалануға ынталы емес. Қазақстан азаматтарының 20-30 жастағы ұрпағы да жинақ ақшаларға мүлдем бейiм емес және тек тұтынуға ғана бейiм. Егер, халықтың елдiң қаржы жүйесiне сенiмi артпаған және ұйымдастырылған жинақ ақшаларды қабылдамаған жағдайда аталған үрдiстiң сақталуы таяудағы онжылдықта банктiк депозиттiк базаның шұғыл қысқаруына әкеп соғады. Сонымен бiр мезгiлде Қазақстан азаматтары әлдеқашан белгiлi болған фактiлерге және мемлекеттік және өзге де органдардың ескертулерiне қарамастан, кезең-кезеңiмен түрлi қаржы пирамидаларының және басқа да алаяқтық нысандарының құрбандары болуда, мұның өзi, бiр мезгiлде мынадай бiрнеше тұжырымды растайды: 1) халықтың белгiлi бiр мөлшерде жинақ ақшалары бар; 2) халық өздерiнiң жинақ ақшалары бойынша кiрiс алуға ұмтылуда; 3) халық жария қаржылық жүйеге сенiм бiлдiрмейдi (оның iшiнде, қаржы рыногындағы кез-келген қызметтi жария және мемлекет қадағалауындағы қызмет ретiнде қабылдап, нақ сол қаржы пирамидаларының күйреуi себептi); 4) халық елдiң қаржы жүйесi туралы - ол қандай, ол қалай жұмыс iстейдi және қаржы рыногында қандай тәуекелдер бар екендiгi туралы қажеттi білім деңгейiне ие емес; 5) халық ұжымдық iс әрекетке ынталы. Ұйымдастырылған жинақ нысандарынан бас тарту елдiң iскерлiк айналымға тартылмаған жинақ ақшаларының құнсыздануынан жоғарыда аталған шығындарға тап болған азаматтарда ғана емес және сонымен қатар, банкроттыққа ұшыраған қаржы пирамидаларының салымдарында да керi көрiнiс табады. Қазақстан экономикасына оны қолдау және қаржы ресурстарын сыртқы қарыздармен және инвестициялармен (оның iшiнде үлкен көлемi қаржылық дағдарыстар туындаyының негiзгi факторларының бiрi болып табылатын алыпсатарлық сипаттағы тұрақсыз портфельдiк инвестициялармен) дамыту үшiн қажеттi жетiспеушiлiктердi өтеуге мәжбүр болудан елеулi зала келтiрiлуде. Ұлттық экономика бастан кешiп отырған проблемалар, өз кезегiнде ел азаматтарының әл-ауқатын және қазақстандық шаруашылық субъектiлерiнiң қаржылық жай-күйiн нашарлатуға әкеп соғады. ЖИНАҚ АҚШАЛАРДЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЫНТАЛАНДЫРУ ЖӨНIНДЕГI IС-ШАРАЛАРДЫҢ МАҚСАТЫ Жинақ ақшаларды қорғау және ынталандыру жөніндегі iс-шаралар кешенiнiң (бұдан әрi - "Іс-шаралар кешенi") стратегиялық мақсаты жинақ ақшалар дәстүрiн жасау және оларды қаржы рыногының инфрақұрылымы арқылы инвестициялау жолымен Қазақстан экономикасын дамыту мақсатында пайдаланудан тұрады. Салымдарды жария қаржы жүйесi арқылы жүзеге асыру ұлттық дағдылары бар, екiншi дүниежүзiлiк соғыстың қиратушылық зардаптарын барынша жылдам жоюға мүмкiндiк берген, Германия мен Жапонияның экономикалық тәжiрибесiн Қазақстан қайталау керек. Іс-шаралар кешенiнiң стратегиялық мақсатына жету барысында iс жүзiнде қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi екi қолданбалы мақсатқа қол жеткiзiлуi тиiс. Іс-шаралар кешенiнiң қысқа мерзiмдi қолданбалы мақсаты халықтың жасырын жинақ ақшаларын елдiң қаржы жүйесiне тартудан, оның iшiнде қолма-қол шетелдiк валютамен жүзеге асырылғанынан тұрады. Жоғарыда келтiрiлген сараптау бағалауларына сүйене отырып, іс-шаралар кешенiн табысты жүзеге асыру 2000 жылдың аяғына елдiң қаржы жүйесiне 1 миллиард АҚШ долларына дейiнгi жасырын жинақ ақшалар тартылуы мүмкiн деп жорамалдауға болады. Iс-шаралар кешенiнiң ұзақ мерзiмдi қолданбалы мақсаты тұрақты ұлттық инвестициялық база жасаудан және сыртқы қарыз көздерi мен инвестицияларға тәуелдiлiктi азайтудан тұрады. Бұл ретте осы мақсаттың Қазақстан экономикасының шетелдiк инвесторлар мен кредиторлар үшiн ашықтығы саясатынан бас тартуды бiлдiрмейтiндiгiн атап өту қажет. Тәуелдiлiктi азайту шетелдiк қаржыландыру көздерiнiң қысқаруы немесе мүлде жоғалуы Қазақстан экономикасына қауiптi әсер етуге әкеп соқпайтын тепе-теңдiк нүктесiнiң табылуын жорамалдайды. Осы мақсатқа жету, сондай-ақ Қазақстан үшiн қажеттi инвесторларды және ел үшiн қолайлы шарттармен қарыздар және инвестициялар тартуды таңдауға мүмкiндiк жасайды. Iс-шаралар кешенiн табысты iске асыру ең алдымен, мынадай негiзгi мiндеттердi шешудi талап етедi: 1) халықтың және ұйымдардың жинақ ақшаларын ондағы қатерлерден қорғаудың қаржы рыногының инфрақұрылымы арқылы жүзеге асырылатын тетіктерiн жасау; 2) халықтың және ұйымдардың жинақ ақшаларын ынталандырудың қаржы рыногының инфрақұрылымы арқылы жүзеге асырылатын тетiктерiн жасау. Қойылған мiндеттердің бiрiншiсiн шешу жүзеге асырылған жасырын жинақтарды қаржы жүйесiне тартуға және оған деген сенiмдiлiктi орнықтыруға мүмкiндiк жасайды. Негiзгi мiндеттiң екiншiсiн шешу ұйымдастырылған жинақ ақшалардың ұзақ мерзiмдi өсу үрдiсiн жасайды. ІС-ШАРАЛАР КЕШЕНIНІҢ НЕГIЗГI БАҒЫТТАРЫ Халықтың және ұйымдардың жинақ ақшаларын елдiң қаржы жүйесiне тарту тетiктерiн жасау Ұлттық Банк қалыптастырған, банктер таратылған жағдайда клиенттерге ақша төлеу көзделетiн жеке тұлғалардың екiншi деңгейіндегі банктердегi шұғыл салымдарын (депозиттерiн) ұжымдық кепiлдендiру (сақтандыру) жүйесi банктiк жүйеге ақша тартудың маңызды факторы болуы тиiс. Таяу болашақта бұл жүйенiң мүшелерi болып табылмайтын екiншi деңгейдегi банктерге жеке тұлғалардан депозиттерге ақша қабылдауға тыйым салынады. 2001 жылы депозиттердi ұжымдық кепiлдендiру (сақтандыру) жүйесi жеке тұлғалардың талап етулерi бойынша депозиттерiне де қолданылады. Сонымен бiр мезгiлде салымдары ұжымдық жүйе шеңберiнде сақтандыруға жататын депозиторлардың шеңберi кеңи түседi. Iс-шаралар кешенiн iске асыру барысында банктiк құпияны қатаң түрде қорғау қамтамасыз етiледi, олардың негiзгi принциптерi заңнамамен бекітілген. Жеке тұлғалардың банктер шоттарындағы ақшалары туралы мәлiметтер тергеу органдарына тек қылмыстық iс қозғалғанда және прокурордың рұқсаты болған кезде ғана берiледi. Бұдан басқа, бағалы қағаздардың құпиялығы ұғымы және оны қорғаудың тетiктерi (ашудың негiздерi және рәсiмдерi) заңды түрде айқындалады. Бүгiнгi күнге салық және кеден қызметi органдарының заңды тұлғалардың банктiк және өзге де шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жөніндегі өкiлеттiктерi заңды түрде айқындалған. Бұдан былай салық және кеден органдары заңды тұлғалардың шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға тек салық қызметiне салық есептеуге және төлеуге байланысты есептi тапсырудың белгiленген мерзiмдерiнiң 10 күнi iшiнде бермеген жағдайда ғана құқығы бар. Мұндай жағдайларда салық органдары өздерiнiң iс-әрекеттерi туралы мiндеттi түрде прокурорға хабарлау керек. Қаржы рыногының инфрақұрылымын жаңғырту Осы бағыттың негiзгi iс-шаралары Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 658 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 1999-2000 жылдарға арналған бағалы қағаздар рыногын дамыту бағдарламасымен айқындалған. Қаржы құралдарының және қаржылық қызмет көрсетулердiң тiзбесiн кеңейту Iс-шаралар кешенi бағыттарының бiрi сақтандыру ұйымдарын дамыту болып табылады. Едәуір бұрынырақ пайда болған (Қазақстан Республикасының егемендi мемлекет ретіндегі жасы жөнiнде) Қазақстан сақтандыру рыногының осы уақытқа дейiн қалыпты дамуы болған жоқ. 70 сақтандыру ұйымының төленген жарғылық жиынтық капиталы 2000 жылғы 1 қаңтарға 2 144 миллион теңгенi немесе орта есеппен бiр ұйымға тек қана 30,6 миллион теңгенi (көрсетiлген күнгi ресми бағам бойынша шамамен 221,7 мың АҚШ долларына балама) құрайды. Барлық сақтандыру ұйымдарының жиынтық сақтандыру резервi осы аталған күнге 4,0 миллиард теңгенi (26,9 миллион АҚШ долларына балама) құрады. Бұл ретте барлық сақтандыру ұйымдарының активтерi жалпы сомасының (оған сақтандыру резервтерi де және олардың өз қаражаты да енгiзiлген) 35,7 пайызы қаржы құралдарына (шұғыл банктiк депозиттер, қолма-қол ақшалар, мемлекеттік және борыштық бағалы қағаздар) инвестицияланған, ал 21,6 пайызы жылжымайтын мүлiкке салынды. Сақтандыру ұйымдарының қазiргi кезде жүзеге асыратын негiзгi қызметi автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру болып табылады. Өмiрдi сақтандыру және жеке сақтандырудың басқа да түрiнiң, денсаулығын және еңбекке қабiлеттiлiгiн ұзақ мерзiмдi жинақтаушы өмiрдi сақтандыру жөніндегі қызметтер сақтандыру рыногында iс жүзiнде жоқ. Келтiрiлген мәлiметтер сақтандыру ұйымдарының осы уақытқа дейiн толыққанды қаржы делдалдары ретiнде де, белсендi институционалдық инвесторлар ретiнде де дамымағанын айғақтайды. Бұл ретте сақтандыру ұйымдарының, олардың сақтандыру резервтерiнің өтiмдiлiгi аз құрылымына және олардың арасында кеңiнен таралған сақтандыру төлемдерi бойынша демпингтiк жеңiлдiктер беру практикасына байланысты қабылдаған тәуекелдер бойынша, мiндеттемелерiнiң орындалу қабiлеттiгiне елеулi күмән туындайды. Қысқа мерзiм iшiнде сақтанушылардың құқықтары мен зиянды мүдделерiн қорғау, сақтандыру ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын арттыру және олар жүзеге асыратын қаржылық мәмiлелердiң ашық жүргiзiлуiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдануы тиiс. Сондай-ақ, мiндеттi сақтандырудың түрлерiн енгізудiң және жұмыс iстеуiнiң тетiктерiн жетiлдiру ерiктi сақтандыруды дамыту үшiн көтермелеу қажет. Қазақстанның әртүрлi аймақтарындағы халықтың сақтандыру қызметiмен бiрдей қамтылуын қамтамасыз ету маңызды. Осыған байланысты, сақтандыру ұйымдарына мемлекеттік пошта-жинақтаушы жүйесiнiң сақтандырудың жаппай түрлерi бойынша делдалдық қызмет көрсету саласын дамытуды жалғастыру қажет. Қазақстандағы сақтандыру индустриясын дамыту жөніндегі негiзгi iс-шаралар Қазақстан Республикасындағы сақтандыруды дамытудың 2000-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберiнде iске асырылуы тиiс. Зейнетақы реформасы iске қосылған толық емес өткен екi жыл iшiнде жинақтаушы зейнетақы қорлары және зейнетақы активтерiн басқару женіндегі компаниялар халықтан тартылған қаражаттың көлемi бойынша екiншi деңгейдегi банктермен тез теңесе (бұған мiндеттiлiк сипаттағы зейнетақы аударымдарын енгiзген мемлекеттік тiкелей қатысуымен қол жеткiзiлсе де) отырып, қазақстандық қаржы институттарының ең қуатты тобына айналды. Жинақтаушы зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесi негiзгi екi бағытта дамиды: зейнетақы активтерiн ықтимал инфляциялық және басқа да қатерден қорғау тетiктерiн сақтай отырып, қолайлы қаржы құралдарының тiзбесiн кеңейту (зейнетақы жинақтарының тұрақты өсуiне байланысты ерекше көкейкестi болады), сондай-ақ ерiктi зейнетақымен қамтамасыз етудiң кеңiнен түсiндiрiлуi. Жинақтаушы зейнетақы жүйесiнен жекелеген алушыға оның жеке шотындағы ақшаны толық алуға дейiн төлеу жүргiзу - жинақтаушы зейнетақы жүйесi ерекшелiктерiнiң бiрi болып табылады, бұл осындай алушыға ұзақ өмiр сүрген жағдайда зейнетақысыз қалу қаупiн туғызады. Сондықтан, өмiрiнiң ұзақтығына қарамастан, сақтандырылған тұлғаға оның зейнетақы жасына жетуi бойынша мерзiмдi сомалар (аниуитеттер) төлеу көзделетiн сақтандырудың жаңа түрi - зейнетақыны сақтандыруды енгізу жөніндегі шаралар қабылдануы тиiс. Жұмыс iстеп тұрған жинақтаушы зейнетақы жүйесi жинақтаушы сақтандыру жүйесiн дамытуды талап етедi. Осындай тетiктi жасау сақтандыру компанияларының есебiнен зейнетақы жасына жеткенге дейiн еңбек ету қабiлетiнен айрылған адамдарды (мүгедектердi), сондай-ақ асыраушысы қайтыс болған жағдайда еңбекке қабiлетсiз асырауындағы адамды тұрақты өмiр бойғы жәрдемақымен қамтамасыз етуге мүмкiндiк туғызады. Iрi институциональдық инвесторлардың болуы және банктiк кредиттермен салыстырғанда, неғұрлым арзан ресурстарды тарту мүмкiндiгi мемлекеттік емес коммерциялық ұйымдарды өздерiнiң, қор рыногында орналастыруға арналған, бағалы қағаздарын шығаруға итермелейдi. Көптеген менеджерлер олар басқаратын кәсiпорындарға бақылау жасауды жоғалтудан қауiптенген жағдайда, ал акциялар бойынша кiрiс әлi де инфляция қарқынымен салыстыруға келмеген жағдайларда, қаржыландыру көздерiн тартудың неғұрлым кең таралған тәсiлi сыйақы (мүдде) қаржылық индикаторлардың бiрi - инфляция қарқынына немесе басқалармен байланыстырылған облигациялардың шығарылымы болу керек. Бұл ретте, оларды шығарудың көлемi және шарттары, ен алдымен институциональдық инвесторлар үшiн белгiленген нормаларға сай болады. Халықтың бағалы қағаздар рыногындағы белсендiлiгiн арттыруға және қаржы құралдарына сенiмдерiн арттыруға мемлекеттiң, шетелдiк валютаға номинациялануы мүмкiн және тек қана халық арасында орналастырылған, кұжаттандырылған облигациялар шығаруы ықпал жасайды. Халықтың неғұрлым қалың жiктерiн тарту үшiн төмен бағаны, сондай-ақ теңгемен де және шетелдiк валютамен де есеп айырысу мүмкіндігін көздеу қажет. Басқару қызметкерлерiнiң экономикалық сауаттылығының артуына қарай акциялардың қор рыногындағы ұсыныстарын күту керек. Бұл ретте маңызды рөлдi брокерлiк-дилерлiк ұйымдар және бағалы қағаздардың жаңа андеррайтерлерi және эмитенттердiң консультанттары ретіндегі олардың синдикаттары орындауы тиiс. Қазақстандық акцияларға және мемлекеттік емес облигацияларға инвесторлардың сенiмдiлiк деңгейiн көтеру мемлекеттік емес бағалы қағаздардың эмитенттерi - ұйымдардың ашықтылығы деңгейiн көтеруге ықпал жасайды. Қазақстанда аса iрi компанияларға өз қызметтерi туралы ақпаратты ашу жөнiнде қойылатын талаптарды арттыру керек. Қор биржасына листинг рәсiмiнен өткен эмитенттердiң оған беретiн ақпараттар тiзбесi, сондай-ақ осындай ақпаратты берудiң тәртібін заңнамалық деңгейде айқындау қажет. Аударымдық вексельдердi төлем құралы ретiнде пайдаланудың тәжiрибесi жинақталады және борыштарды қауiпсiздендiру практикасы таратылады. Азаматтық құрылыстың қалпына келтiрiлуiне қарай қаржылық айналымға тұрғын үй сертификаттары (облигациялар) тартылатын болады. Қаржылық қызметтер көрсетудiң тiзбесiн кеңейту жинақ ақшаларды көтермелеу және ынталандыру жүйесiн енгізумен байланысты. Халықтың жинақ ақшаларын тартуға ғана емес, сонымен қатар және халықтың ұзақ мерзiмдi қаржы ресурстарына еркiн көз жеткiзуiн қамтамасыз ететiн қаржы құралдарын шығаруды ынталандыру қажет. Бұл, бiрiншi кезекте, ипотекалық несиелеу жүйесiне және құрылыс жинақ ақшалары жүйесiне қатысты. Ипотекалық несиелеу жүйесi, негiзiнен тұрғындардың жан басына шаққанда орта деңгейден жоғары кiрiсi бар жiктерiне бағдарланғандығын, ал құрылыс жинақ ақшалары жүйесiнiң тұрғындардың табысы аз топтарының қатысуларын жорамалдайтындығын ескере отырып, Қазақстанда тұрғын үй қаржыландыруының тиiмдi тетiгiн құру кезiнде ипотекалық несиелеу жүйесiн де және сол сияқты құрылыс жинақ ақшаларын да дамыту қажет. Осы бағыттың қалған iс-шаралары Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 658 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 1999-2000 жылдарға арналған бағалы қағаздар рыногын дамыту бағдарламасымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 1 маусымдағы № 683 қаулысымен бекітілген 1999-2000 жылдарға арналған жекешелендiру және мемлекеттік мүлiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру бағдарламасымен айқындалған. Салық заңдарын жетiлдiру Осы бағыттың негiзгi iс-шаралары Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 658 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 1999-2000 жылдарға арналған бағалы қағаздар рыногын дамыту бағдарламасымен айқындалған. Қысқа мерзiм iшiнде өмiрдi, денсаулықты және еңбекке қабiлеттiлiктi сақтандыруға азаматтарды және олардың жұмыс берушiлерiн ынталандыру жөніндегі шаралар қабылдау қажет. Сондай-ақ, сақтандыру ұйымдарына олардың қаржылық делдалдар ретіндегі қызмет ерекшелiктерiн ескере отырып, салық салу тетiктерiн жетiлдiру қажет. Сақтандыру саласындағы салық заңдарын жетiлдiру жөніндегі негiзгi iс-шаралар Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың 2000-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберiнде айқындалады. Қаржы рыногының ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру Инвесторлардың қаржылық ақпараттарға қол жеткiзу мүмкiндiктерiн кеңейту мақсатында оны таратудың тәсiлдерiн кеңейту жөніндегі бiрқатар шаралар қабылдау керек, оның iшiнде: 1) беттерiнде ақпараттық-талдау материалдары және қаржы рыногының мәселелерi жөніндегі нормативтiк құқықтық кесiмдер жарияланатын "Қаржы рыноктарының бюллетенi" газетiн шығару және кеңiнен тарату басталуы тиiс; 2) Интернет желiсi арқылы қаржы рыногының мәселелерi бойынша ақпараттық қызмет көрсетудi ұсыну тиiс; 3) қаржы институттары және олардың трансфер-агенттерi өздерiнiң клиенттерiне оларға қатысты ақпаратты уақытылы және толық жеткiзулерi үшiн мемлекет мақсатты бақылау жасалуын жүзеге асыруы тиiс. Осы бағыттың қалған iс-шаралары Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 658 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 1999-2000 жылдарға арналған бағалы қағаздар рыногын дамыту бағдарламасымен және Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 1 шiлдедегi № 911 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында тiкелей инвестициялар тартудың 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламасымен айқындалған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 тамыздағы № 1277 қаулысымен бекітілген Жинақ ақшаларды қорғау және ынталандыру жөніндегі іс-шаралар жоспары Ескерту. 6,7-жолдар өзгерді - ҚР Үкіметінің 28.10.2001 № 1369 қаулысымен. Халықтың және ұйымдардың жинақ ақшаларын елдің қаржы жүйесіне тартудың тетіктерін құру --------------------------------------------------------------------------- Реттік! Шара ! Орындауға ! Аяқталу ! Орындау N ! ! жауаптылар ! нысаны ! мерзімі --------------------------------------------------------------------------- 1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 --------------------------------------------------------------------------- 1 Жеке тұлғалардың Қазақ. Ұлттық Банк Ұлттық Банктің Тұрақты стан Республикасының (келісім нормативтік екінші деңгейдегі банк. бойынша) құқықтық теріндегі салымдарын кесімдері (депозиттерін) міндетті ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) ережесін жетілдіру --------------------------------------------------------------------------- 2 Салымдарды (депозиттер. Ұлттық Банк Ұлттық Банктің 2001 жылдың ді) ұжымдық кепілдендіру (келісім нормативтік бірінші (сақтандыру) тетігін бойынша) құқықтық жартыжылдығы жеке тұлғалардың талап кесімдері ету депозиттеріне қол. дану --------------------------------------------------------------------------- 3 Заң кесімдеріне бағалы БҚҰК (келісім "Қазақстан 2000 жылдың қағаз құпиялығын қорғау бойынша), Республикасы. ІІ тоқсаны мәселелері жөнінде Ұлттық Банк ның кейбір қажетті өзгерістер мен (келісім заң келісім. толықтырулар әзірлеу бойынша), деріне аза. Қаржымині, маттардың Мемкірісмині, жинақ ақшалар. Әділетмині, дың қаржы Қазақстан жүйесіне тарту қаржыгерлер мәселелері қауымдастығы бойынша өзге. (келісім рістер мен то. бойынша), ІІМ, лықтырулар ен. ҰҚК, Бас про. гізу туралы" куратура (ке. заң жобасы, лісім бойын. нормативтік ша), Жоғарғы құқықтық Сот (келісім кесімдер бойынша) --------------------------------------------------------------------------- Қаржы құралдарының және қаржылық қызмет көрсетулердің тізбесін кеңейту 4 Сақтандыру ұйымдары Ұлттық Банк "Сақтандыру 2000 жылдың клиенттерінің (келісім және сақтан. ІІ тоқсаны (сақтандырушылардың, бойынша) дыру қызметі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |