Нұсқауды бекіту туралы Бұйрық Қазақстан Республикасы Мемлекеттік ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі № 416 бұйрығына сәйкес осы бұйрықтың күші жойылды "Қазақстан Республикасының салық салу мәселелерi бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 22 қарашадағы № 485-І Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қоса берiлген "Сатылуы, сондай-ақ гранттар есебiнен жүзеге асырылатын импортталған тауарларды (жұмысты, қызмет көрсетудi) қосымша құн салығынан босату тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Нұсқауы бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Әдiстеме департаментi (Усенова Н.Д.): - аталған нұсқау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісілсiн. - келісілген Нұсқауды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне мемлекеттік тiркеуге жiберiлсiн. Министр Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Қаржы Министрі Мемлекеттік кріс Министрінің 2000 жылғы 28 шілдеде 2000 жылғы 5 шілдедегі Келісілді № 661 бұйрығымен бекітілді Гранттар қаражаттары есебінен жүзеге асырылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) сатылуын, сондай-ақ тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртібі туралы Нұсқау 1.Жалпы ережелер 1. "Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабы 1-тармағы 24) тармақшасы мен 71-бабы 10) тармақшасына сәйкес осы Нұсқау әзiрлендi және мемлекеттер, мемлекеттер үкіметі және халықаралық ұйымдар желісі бойынша берiлетiн гранттар қаражаттары есебiнен жүзеге асырылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) сатылуы, сондай-ақ тауарлар импорты бойынша айналымдарды қосылған құн салығын төлеуден босату тәртібін айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|