Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім Астана қаласының мәдени және рухани келбетiн көркейту, қалың жұртшылықты Қазақстан халқының тарихи игiлiгiмен және әлемдiк әдебиет пен өнердiң жетiстiктерімен таныстыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұражайы" және "Сәкен Сейфуллин атындағы республикалық көпшiлiк кiтапханасы" республикалық мемлекеттік мекемелерiн қосу жолымен "Қазақстан Республикасының Президенттiк мәдениет орталығы" мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) болып қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен: 1) Мекеменiң жарғысын бекiтсiн және оның мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 3. Мекеменi қаржыландыру Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне республикалық бюджетте 41 "Тарихи-мәдени құндылықтарды республикалық деңгейде сақтау" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн. ҚР Үкіметінің 24.11.03 ж. № 1172;24.06.04 ж. № 604 қаулыларымен 4-тармақ өзгертілді Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|