Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 28 шілдедегі 1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің "Қазақстан Республикасы нотариустарының нотариаттық іс-әрекеттерді жасау тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 1998 жылғы 28 шілдедегі № 539 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) Нұсқаулықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулық"; 2) 2-тармақтың 15) тармақшасы алынып тасталсын; 3) 9-тармақтағы "нотариаттық кеңсесі" деген сөздерден кейін "немесе жеке қызметпен айналысатын, нотариус кеңсесі" деген сөздермен толықтырылсын; 4) 23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "23. Нотариус куәландыратын мәмілелерге, өтініштерге және басқа құжаттарға нотариустың қатысуымен қатысушылардың қолдары ғана қойылмай, олардың өз қолымен жазған аты-жөндері де жазылады."; 5) 24-тармақтағы "нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген азаматтың" деген сөздерден кейін ", бұл туралы құжаттың өзіндегі мәтінде және нотариус тексерген, куәландырған жазбасында белгі жасауды" деген сөздермен толықтырылсын; 6) 38-тармақтағы "суреттегі тұлға мен азаматтың бір екендігі салыстырып расталғанда," деген сөздер алынып тасталсын; 7) 39-тармақта: екінші абзацында "Тізілімдер" деген сөзден кейін ", олардағы нотариаттық іс-әрекеттерді тіркегенге дейін" деген сөздермен толықтырылсын; төртінші абзац алынып тасталсын; 8) 42-тармақтағы "нотариат кеңсесінің" деген сөздерді "нотариус" деген сөзбен ауыстырылсын; 9) 43-тармақта: 1) тармақшадағы "олардың" деген сөз "филиалдардың" деген сөзбен ауыстырылсын; 3) тармақша алынып тасталсын; 10) 45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "45. Нотариустар мен нотариаттық іс-әрекеттерді жасауға уәкілетті басқа да адамдар жасалатын нотариаттық іс-әрекеттердің құпиялылығын сақтауға міндетті. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|