Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер- Министрінің ҚР Үкіметінің 03.12.01 ж. № 1558 қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы арасында міндеттерді бөлу бекітілсін. 2. "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы арасында міндеттерді бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 қазандағы № 1559 қаулысының күші жойылды деп танылсын. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2000 жылғы 30 желтоқсандағы № 1959 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер- Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы арасында міндеттерді бөлу Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қ.К.Тоқаев Үкіметтің қызметіне басшылық жасау. Қазақстан Республикасының Президентімен, сондай-ақ Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғары Сотпен, Бас Прокуратурамен және басқа да конституциялық органдармен қатынастарда Үкіметтің атынан өкілдік етеді. Мемлекетаралық қатынастар және халықаралық ынтымақтастық мәселелері. Көлік және коммуникацияларды дамыту, шетелдік инвестициялар тарту, экспорттық бақылау, мемлекеттік материалдық резервтер мәселелері. Үкіметтің заң шығару қызметін үйлестіру. Әлеуеттік және құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру. Үкіметтің кадр мәселелері. Сыртқы істер министрлігінің, Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, Әділет министрлігінің, Көлік және коммуникациялар министрлігінің, Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттіктің, Қаржы полиция агенттігінің қызметін жалпы бақылау. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|