Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы жер қойнауын
ҚР бекітілді (2002 ж. 14 карашадағы № 356-ІІ Заңын қараңыз
ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 13 маусымдағы № 637a Қаулысын қараңыз
Келісімнің ажыратылмас бөлiгi болып табылатын Хаттаманы қараңыз
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы, Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлігіндегі кен көздерiн игеру жөніндегі екi Тарап қызметiнiң құқықтық негiзiн жасаудағы өзара мүдделiлiктi ескере отырып, Каспий теңiзіндегі өз егемендi құқықтарын iске асыру үшiн қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге, сондай-ақ Солтүстiк Каспий түбiнiң минералдық ресурстары мен кен көздерiн тиiмдi пайдалануға байланысты мәселелердi өзара түсiнiстiк пен ынтымақтастық рухында реттеуге ұмтыла отырып, аймақта болған геосаяси өзгерiстердi, Тараптардың арасындағы нығайып келе жатқан ынтымақтастық тату көршiлiк және өзара түсiнiстiк ахуалын ескере отырып, Каспий теңiзінiң қазiргi құқықтық режимi осы заманғы талаптарға жауап бермейтiнiн және Каспий жағалауы мемлекеттерiнiң өзара қарым-қатынастарын толық көлемде реттемейтiнiн еске ала отырып, Каспий жағалауындағы мемлекеттердi олардың ортақ келісімi негiзiнде Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесi туралы конвенцияны тез арада жасауға шақыра отырып, Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгi түбiнiң минералдық ресурстары мен кен көздерiн игеру және пайдалану барысында халықаралық құқықтың принциптерi мен нормаларын, Тараптардың мүдделерiн басшылыққа ала отырып, Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесiн айқындау барысында Тараптардың оның акваториясында шекаралық кедендiк және санитарлық бақылау аймақтарын орнату, келісілген шектерде балық аулау аймақтарын, сондай-ақ ортақ пайдалану аймағының мүмкiндiгiн қарастыратынын түсiнушiлiктi негiзге ала отырып, Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|