|
|
|
"Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлік қоғамының ҚР Үкіметінің 2002.02.25. № 248 қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттік органдарын қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы" 2000 жылғы 13 желтоқсандағы № 507 Жарлығының 3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 14 қарашадағы № 1568 қаулысының 5-тармағы; 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 14 қарашадағы № 1569 қаулысының 3-тармағы. 2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Аджип Каспиан Си Б.В., БГ Эксплорейшн Энд Продакшн Лимитед, БП Қазақстан Лимитед, Ден Норске Статс Ольеселькап а.с., Мобил Ойл Қазақстан Инк., Шелл Қазақстан Девелопмент Б.В., Тоталь Эксплорейшн Продакшн Қазақстан, "Қазақстанкаспийшельф" акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасы және "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлік қоғамы арасында жасалған сериясы ГКИ № 1016 (мұнай) лицензияға сәйкес мердігерлік учаскедегі барлау және өндіру үшін 1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісімде және Аджип Қарашығанақ Б.В., БГ Эксплорейшн Энд Продакшн Лимитед, Тексако Интернэшнл Петролеум Компани, "ЛУКОЙЛ" мұнай компаниясы" ашық акционерлік қоғамы, "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлік қоғамы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің арасында жасалған 1997 жылғы 18 қарашадағы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кеніші мердігерлік учаскесінің өнімін бөлу туралы түпкілікті келісімде мемлекеттің мүдделерін білдіру жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі және "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлік қоғамы бірлесіп, белгіленген тәртіппен жоғарыда аталған өнімді бөлу туралы келісімдерге және осы қаулыны іске асыруға бағытталған өзге де ілеспе құжаттарға тиісті өзгерістер енгізуді қамтамасыз етсін. 4. "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлік қоғамы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне өнімді бөлу туралы жоғарыда аталған келісімдерге қатысты материалдарды тапсырсын. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары В.С.Школьникке жүктелсін. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |