|
|
|
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне әлеуметтік төлемдер 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізілсiн: 1. "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 10, 242-құжат; 1994 ж., № 8, 140-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінiң Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 17-18, 220-құжат; № 22, 334-құжат; 1998 ж., № 24, 432-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат): 22-бапта: 1) бiрiнші бөліктегі "еңбек ақының ең аз мөлшерiнің" деген сөздер "айлық есептік көрсеткіштiң" деген сөздермен ауыстырылсын, "еңбек ақының кемінде 100 ең аз мөлшерлерiнде" деген сөздер "100 айлық есептік көрсеткiш есебiнен" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) үшінші бөлiктегi "жалақының ең аз мөлшерiнің" деген сөздер "айлық есептік көрсеткіштің" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 8, 238-құжат; № 23, 925-құжат): 1) 1-бапта: 3) тармақшадағы "және жәрдемақы тағайындауды жүзеге асыратын" деген сөздер алып тасталсын; 2) 5-бапта: 2-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi "орталық атқарушы орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкіметі" деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтың екiншi бөлiгi, 3, 4-тармақтар, 5-тармақтың екiншi бөлiгi және 6-тармақ алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын: "7. Жәрдемақы тағайындау тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi."; 3) 6-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "1. Жәрдемақы төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi."; 4) 8-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "1. Жәрдемақы тағайындау үшiн растайтын құжаттарды табыс етпеген немесе деректерi дұрыс емес құжаттарды табыс еткен адамдарға жәрдемақы тағайындалмайды.". 3. "Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер беру мәселелерi бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 сәуірдегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 8, 247-құжат): 1-баптың 7-тармағының 1) тармақшасындағы "2001" деген цифр "2003" деген цифрмен ауыстырылсын. 2-бап. Осы Заң 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |