|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 1854 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 11.01.02 ж. № 31 қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн арттырудың тәртібі туралы ережелердi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 1854 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 53, 528-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн арттырудың тәртібі туралы ережеде: 2-тармақтағы "Орталықтан төленетiн ең аз зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi ғана арттырылады" деген сөздер "Орталықтан төленетiн 10000 теңгеден аспайтын зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi арттырылады" деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "5. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi өткен жылғы ең аз зейнетақы мөлшерiнен тұтыну бағаларының болжамдық орташа жылдық индексi ескерiле отырып есептелген сомаға арттырылады."; 6-тармақта "ең аз зейнетақы төлемiнiң мөлшерiн" деген сөздер "зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн" деген сөздермен ауыстырылсын. 7-тармақ алынып тасталсын; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "8. Арттырылған ең аз зейнетақы төлемiнiң мөлшерiнен кем болатын зейнетақы төлемдерiнiң толық емес көлеміндегі мөлшерi, Орталықтан төленетiн арттырылған ең аз зейнетақы төлемінен нақты еңбек стажына барабар белгіленеді.". 2. Осы қаулы 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |