|
|
|
Қазақстан Республикасының 2000-2002 жылдарға арналған Мемлекеттік Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесі туралы" 1999 жылғы 1 сәуірдегі және "Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы" 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2000-2002 жылдарға арналған Мемлекеттік инвестицияларының бағдарламасы бекітілсін. 2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 желтоқсандағы № 1963 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2000-2002 жылдарға арналған мемлекеттік инвестицияларының бағдарламасы 1. Жалпы ережелер 2. 1999-2001 жылдарға арналған мемлекеттік инвестициялар бағдарламасының 1999 жылғы орындалуын талдау 3. Ағымдағы экономикалық ахуалды талдау 4. Мемлекеттік инвестициялық саясаттық басымдықтары 5. Мемлекеттік инвестициялау үшін қаржылық мүмкіндіктерді талдау 1-қосымша Республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын бағдарламалар мен жобалар тізбесі 2-қосымша Сыртқы үкіметтік заемдар мен гранттар қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалар тізбесі 3-қосымша Мемлекет кепілдігімен мемлекеттік емес заемдар қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалар тізбесі Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасы (бұдан әрi - МИБ) - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн, экономиканың басым секторлары бойынша үкiметтiк және үкiмет тартатын қаражатты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiктерiмен тартылатын қаражатты инвестициялау бағдарламасы. МИБ-тың негiзгi мақсаты басымдықты инвестициялық жобалар мен институционалдық даму жобаларын (техникалық көмектi) iрiктеу және іске асыру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыру болып табылады. МИБ мынадай мiндеттердi iске асыруға бағытталған: мемлекеттiң орта мерзiмдi инвестициялық басымдықтарын iске асыру; Қазақстан Республикасының азаматтары, халықаралық қаржы ұйымдары және донор елдер үшiн мемлекеттік инвестициялардың ашықтығын қамтамасыз ету; басым жобаларды әзiрлеу және iске асыру жөніндегі iс-шараларды жоспарлау. МИБ республикалық бюджеттi инвестициялық шығыстар бөлiгiнде әзiрлеу құралдарының бiрi болып табылады. Бұдан басқа, МИБ сыртқы қаржы ресурстарын Қазақстан Республикасының Үкіметі үшiн басымдықты экономика салаларына бағыттау құралы ретiнде қызмет етедi. МИБ-тың нормативтiк құқықтық базасы мынадай нормативтiк құқықтық кесiмдермен айқындалады: "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-I ҚРЗ Заңы МИБ-тың анықтамасын бередi және инвестициялық жобаларды iске асыруға бюджет қаражатын бөлу үшiн нормативтiк құқықтық базаны қалыптастырады; "Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы № 464-I ҚРЗ Заңы инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн сыртқы қаржыландыру көздерінен қаражат тартуға арналған нормативтік құқықтық базаны қалыптастырады; "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 қарашадағы № 473-I ҚРЗ Заңы республикалық бюджеттен, соның iшiнде сыртқы үкiметтiк қарыздар есебiнен қаржыландыру бөлiгiнде МИБ-тың бiрiншi жылының көрсеткiштерiн айқындайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiктерiн берудiң лимитiн белгiлейдi; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 1 қыркүйегіндегі № 1287 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2000 жылға арналған индикативтiк жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мемлекеттік инвестициялық саясат саласындағы мақсаттары мен мiндеттерiн айқындау үшiн негiз болады; Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 17 ақпандағы № 344 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң алдағы кезеңде қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу жөніндегі, соның iшiнде инвестициялық саясатты iске асыру жөніндегі iс-шараларының кешенiн белгілейді; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 30 қарашадағы № 1817 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі туралы ереже МИБ-ты әзiрлеу және оның iске асырылуын бақылау үшiн жауапты орган етiп Қазақстан Республикасының Экономика министрлігін белгiлейдi; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1389 қаулысымен (Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 1 маусымдағы № 673 және 2000 жылғы 29 қаңтардағы № 139 қаулыларымен енгiзiлген өзгерістермен және толықтырулармен) бекітілген МИБ-ты әзiрлеу және iске асыру ережесi мемлекеттік инвестициялық саясаттың құралы ретіндегі МИБ-тың мақсаттары мен мiндеттерiн, МИБ әзiрлеудiң методологиялық негiздерiн, орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың МИБ-ты iске асыру жөніндегі өзара iс-қимылын айқындайды; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 5 маусымдағы № 848 қаулысымен бекітілген МИБ-қа енгiзiлген жобаларды iске асыру мониторингiн жүзеге асырудың ережесi МИБ-қа енгiзiлген жобаларды iске асырудың мониторингiн жүзеге асыру кезiнде МИБ-ты iске асыруға қатысатын органдардың өзара iс-қимыл тәртібін, МИБ-ты iске асырудың барысы туралы ақпарат берудiң мазмұнын, нысанын және мерзiмдерiн белгiлейдi; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 28 маусымдағы № 968 қаулысымен бекітілген МИБ-тың құрамына кiретiн жобалардың тиiмдiлiгiн бағалаудың ережесi бағалаудың және ақпарат көздерiнiң объектiлерi мен элементтерiн, ақпарат көздерiн, МИБ-тың құрамына кiретiн жобалардың тиiмдiлiгiн бағалауды жүзеге асырудың және нәтижелерiн пайдаланудың әдiстерi мен тәртібін анықтайды. 2. 1999-2001 жылдарға арналған мемлекеттік инвестициялар бағдарламасының 1999 жылғы орындалуын талдау 1999-2001 жылдарға арналған МИБ Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 15 маусымдағы № 772 қаулысымен бекітілген болатын және қайтарымсыз негiзде республикалық бюджет қаражаттары, сыртқы үкiметтiк заемдар мен гранттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiктерiмен мемлекеттік емес сыртқы заемдар есебiнен қаржыландыру жоспарланып отырған 83 инвестициялық жобаны қамтыды. 1999 жылы жалпы сомасы 517,78 млн. АҚШ долларына тең 63 жобаны қаржыландыру көзделген болатын. 1999-2001 жылдарға арналған МИБ жобаларын iске асыру процесiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі, атап айтқанда: "Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының ғимаратын қайта жаңарту жобасын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінiң 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1269 қаулысымен, "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 15 маусымдағы № 772 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 қыркүйектегi № 1421 қаулысымен, "Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Қайта жаңарту және Даму Банкінің арасында Кепiлдiктi келісім (Жолдарды техникалық күтiп-ұстау және "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын коммерцияландыру жобасы) жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 2 желтоқсандағы № 1847 қаулысымен, "Сити Палас" кешенi құрылысының жобасын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 25 желтоқсандағы № 1985 қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгiздi. Қайтарымсыз негiзде республикалық бюджет қаражаттарының есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобалардың бастапқы тiзбесi 1999 жылы жалпы қаржыландыру сомасы 201 млн. теңге суағарларды салу мен қайта жаңарту жөніндегі 18 жобаны қамтиды. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 қыркүйектегi № 1421 қаулысымен "7"А" сорап станциясын қайта жаңарту, Қызылорда облысы" жобасын қаржыландыру 4 млн. теңгеге қысқартылды. Бұл жобаның сыртқы үкiметтiк заемдар қаражаттары есебiнен қаржыландырылатын "Сумен жабдықтау жөніндегі пилоттық жобаға" құрамдас бөлiктiң бiрi болып кiруi осыған негiз болды. 4 млн. теңге босаған сома "Кенен Әзiрбаев атындағы селодағы су жинау құрылысы мен су құбырлары желiлерiнiң құрылысын салу (2-ншi iске қосылатын кешен) Жамбыл облысы" жобасын iске асыруға жұмсалды. Нақты алғанда, 1999 жылы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі суағарларды салу мен қайта жаңарту жөніндегі жобаларды iске асыруға 101,1 млн. теңге бөлдi, бұл көзделген қаржыландыру сомасының 50,3%-ын құрайды. Сыртқы үкiметтiк заемдар қаражаттарының есебiнен қаржыландырылатын инвестициялық жобалардың тiзбесi 47 жобаны қамтиды. Олардан 1999 жылы жалпы сомасы 304,35 млн. АҚШ долларына тең, олардың 266,24 млн. АҚШ доллары - сыртқы көздердiң есебiнен, 37,11 млн. АҚШ доллары республикалық бюджеттен ортақ қаржыландыру, 1 млн. доллары - өзге iшкi көздердiң есебiнен көзделген 30 жобаны қаржыландыру жоспарланды. Нақты игеру 64%-ға жүзеге асырылды және 194,82 млн. АҚШ долларын құрады, соның iшiнде сыртқы көздер бойынша - 170,74 млн. АҚШ доллары, республикалық бюджеттен ортақ қаржыландыру бойынша - 24,08 млн. АҚШ доллары, өзге көздерден қаржыландыру жүзеге асырылған жоқ. Сыртқы үкiметтiк заемдардың есебiнен қаржыландырылатын инвестициялық жобалардың орындалуын талдай келiп, кейбір жобаларды қаржыландыру тәсіміне енгізілген мынадай өзгерістерді атап өткен жөн. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 13 қыркүйектегi № 1384 қаулысымен Түркияның Эксимбанкi заемдарының есебiнен iске асыру жоспарланатын "Гумилев атындағы Еуразия университетi оқу-әкiмшiлiк корпусының" және "Ұлттық мұражайдың" жобаларын қаржыландырудың тәсiмi өзгердi. Жобаларды қаржыландыру 1999 жылы республикалық бюджет қаражаттарының есебiнен жүзеге асырылды. Сондай-ақ, республикалық бюджет қаражаты есебiнен одан әрi қаржыландырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 15 шiлдедегi № 989 қаулысының негiзiнде "Өзен мұнай кен орнын оңалту" жобасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiктерiмен мемлекеттік емес сыртқы заемдар есебiнен қаржыландырылатын Инвестициялық жобалардың тiзбесiне ауыстырылды. 1999 жылы МИБ жобаларын қаржыландыруға олардың құрамына халықаралық қаржы ұйымдары мен донор елдердiң үкiметтерi сияқты, жеке коммерциялық банктер де кiретiн 9 инвестордың қаражаты тартылған болатын (1-диаграмма). Жұмыс iстеп тұрған жобалардың көпшiлiгiн сыртқы үкiметтiк заемдар қаражаттарының есебiнен қаржыландыру кестеден артта қалып жүзеге асырылғанын атап көрсету қажет (1-кесте). 1999 жылы жоспарланған 7 жобадан 3 жобаны: "Құқықтық реформа", "Денсаулық сақтау саласындағы жоба" (Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкi) және "Шағын және орта бизнес кәсiпорындарына жәрдемдесу үшiн несие желісі" (Германия Үкіметі) iске асыру басталды. 1-диаграмма. 1999 жылы сыртқы үкiметтiк заемдар қаражаты есебінен жүзеге асырылатын қаржыландыру құрылымы Қазақстан Республикасы мемлекеттік кепiлдiк берген мемлекеттік емес сыртқы заемдар қаражаттары есебінен қаржыландырылатын жобалар тізбесін қалыптастыру Қазақстан Республикасы мемлекеттік кепiлдiктерiн беру шегiнiң шеңберiнде жүзеге асырылды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiктерiн беру лимитi "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 1998 жылғы 16 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен 500 млн. АҚШ долларына баламалы мөлшерде белгiлендi. Бастапқыда тізбе 7 жобадан тұрады, олардың ішінен екі жоба бойынша, атап айтқанда, "Алматы облысы телекоммуникациясының желісін жаңғырту" және "Қазақстанда орта және шағын бизнестi дамытуға" 1999 жылға дейiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiктерi берiлдi. 1-кесте. Экономиканың секторлары бойынша 1999 жылы сыртқы үкіметтік заемдар қаражаттарын игеру құрылымы
Бес жоба бойынша 1999 жылы жалпы сомасы 395 млн. АҚШ долларына тең Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiктерiн беру көзделген болатын. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 15 шiлдедегi № 989 қаулысының негiзiнде Тiзбеге "Өзен мұнай кен орнын оңалту" жобасы қосымша енгiзiлдi. Нақты алғанда 1999 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiктерi 5 жоба бойынша 403 млн. АҚШ доллары көлемiнде берiлдi, соның iшінде: "Электр жеткiзу желiлерiн қалпына келтiру" - 185 млн. АҚШ доллары; "Өзен мұнай кен орнын оңалту" - 109 млн. АҚШ доллары; "Астананың объектiлерiн дамыту" - 8 млн. АҚШ доллары; "Әуе кемелерiн сатып алу" - 36 млн. АҚШ доллары; "Қазақстан темір жолы" РМК жолдарын техникалық күтiп-ұстау және коммерцияландыру жобасы" - 65 млн. АҚШ доллары. 1999-2001 жылдарға арналған МИБ шеңберiнде қаржылай көмек гранттар есебiнен қаржыландыруға жоспарланған 6 жобадан 1999 жылы бiреуi ғана iске асырылды. Бұл Халықаралық Қайта жаңарту және Даму банкінің "Қазақстанда бидай өндiрудiң өнiмдiлiгiн, пайдалылығын және тұрақтылығын жақсарту" жобасы, сомасы 400 мың АҚШ доллары. Жапония Үкіметінiң гранттарын беру Жапонияның 1999 қаржы жылына жоспарланған едi. "Астана қаласының ауруханалары үшiн жабдықтар жеткізу" және "Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясы үшiн жабдықтар жеткiзу" жобаларын iске асыру 2000 жылы жүзеге асырылуда. Тұтасымен алғанда 1999-2001 жылдарға арналған МИБ-тiң 1999 жылы нашар орындалғанын атап көрсеткен жөн. 1999-2001 жылдарға арналған МИБ-пен жұмыс барысында анықталған негiзгi кемшiлiктерге инвестициялық жобалардың республикалық бюджеттен жеткiлiксiз қаржыландырылуы және кейбір жағдайларда осыған байланысты сыртқы көздерден қаржыландырудағы кiдiрiстер жатады. Жобаларды қалыптастырудың, iрiктеудiң, iске асырудың, сондай-ақ МИБ-тi қаржыландыру жөніндегі республикалық бюджеттiң мүмкiндiктерiн болжауды жүзеге асырудың тиiмдiлiгi жоғары жүйесiн енгiзген кезде екiншi тежеушi фактор кейiнгi жылдары МИБ әзiрлеу және iске асыру процесiне тартылған мемлекеттік органдардың қазiргi өзара iс-қимылдарының төмен дәрежесi болды. МИБ-тi iске асырудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында, бiр жағынан, инвестициялық жобаларды iске асыру мониторингi жүйесiн, екiншi жағынан, МИБ-ке енгізу үшiн жобаларды iрiктеу және дайындау рәсiмдерiн жетiлдiру қажет. 2000 жылы бұл бағытта МИБ-ке енген жобаларды iске асыру мониторингiн жүзеге асыру ережесi және МИБ құрамына енетiн жобалар тиiмдiлiгiн бағалау ережесi әзiрленiп, бекітілдi. Сонымен қатар, МИБ-тi әзiрлеу процесiнiң бюджет процесiмен мейлiнше терең өзара iс-қимылы қажет. МИБ-тiң республикалық бюджет дайындау
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |