Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктеріндегі бухгалтерлiк Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 ж. 30 шілдедегі № 275 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілерін қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктеріндегі бухгалтерлiк есептiң есепшот жоспары бекітілсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап он төрт күндiк мерзiм өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн. 2. Бухгалтерлiк есеп департаментi (Шалғымбаева Н.Т.): 1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктеріндегі бухгалтерлiк есептiң есепшот жоспарын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын; 2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктеріндегі бухгалтерлiк есептiң есепшот жоспарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Н.Қ. Абдуллинаға жүктелсiн. Ұлттық Банк Төрағасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 15 қарашасындағы № 419 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде бухгалтерлік есепке алу есепшоттарының жоспары 1 Тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|