"Шаруашылық субъектілерінің қызметіне жүргізілетін барлық тексерулердің Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2002 ж. 25 сәуірдегі № 27 бұйрығына сәйкес осы бұйрықтын күші жойылды Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" № 4189 31 желтоқсан 1998 жылғы Жарлығын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Шаруашылық субъектiлерiнде жүргiзiлетiн барлық тексерулердiң бiрыңғай статистикалық есебiн енгізу туралы" 1999 жылғы 1 қыркүйектегi № 1286 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" , заң күшi бар Жарлығының 11-бабын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: 1. "Шаруашылық субъектiлерiнiң қызметiне жүргiзiлетiн барлық тексерулердiң алғашқы есеп құжаттарын ұсыну және тiркеу тәртібі туралы" Ереже бекітілсiн. 2. Құқықтық статистика және ақпарат орталығы (А.Б. Ағманов) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне белгiленген тәртiп бойынша Ереженi тiркесiн. 3. Осы бұйрықпен оған тiркелген Ереже барлық облыс, Астана мен Алматы қалаларының, аудан, қала мен оған теңестiрiлген прокурорларына орындау үшiн жолдансын. 4. Құқықтық статистика және ақпарат орталығы (А.Б. Ағманов) бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде осы Ереженi жарияласын. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары А.В. Константиновқа жүктелсін. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Бас Прокурорының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы № 66 бұйрығымен бекітілген Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|