Еуропа-Кавказ-Азия дәлiзін дамыту жөніндегi халықаралық Келісім 2001 ж. 7 мамыр № 196-II ҚР Заңына сәйкес бекітілді Бұдан әрi Тараптар деп аталатын осы Келісімге қатысушы мемлекеттер, Еуропа, Қара теңiз, Кавказ, Каспий теңiзi және Азия аймақтарында экономикалық қарым-қатынасты, сауданы және көлiк қатынасын дамытуға ұмтылыс бiлдiре отырып, Еуропа-Кавказ-Азия дәлiзiн дамыту жөніндегі халықаралық көлiк туралы негiзгi көпжақты келісім (бұдан әрi "Негiзгi Келісім" деп аталады) жасасуға уағдаласты. Жалпы ережелер Негiзгi Келісімнiң ережелері Тараптар арасындағы халықаралық жүк және жолаушылар тасымалдарын, сондай-ақ Тараптардың аумақтары арқылы транзиттiк тасымалдарды реттейдi. Анықтамалар Егер жүктi немесе жолаушыларды қабылдау және белгiленген жеткізу орны, сондай-ақ транзит кезiнде жүктердiң сақталуы келісім-шартта көрсетiлгендей, ең болмағанда бiреуi Негiзгi Келісімнiң Тарабы болып табылатын екi әр түрлi елде болса, Негiзгi Келісімнiң мақсатында "халықаралық тасымалдау": а) автомобиль көлiгiнде (соның ішінде тiркемелер мен жартылай тiркемелер); б) темір жол көлiгiнде; в) су көлiгiнде; г) әуе көлiгiнде; д) контейнерлер жөніндегі кеден конвенциясына сәйкес барлық контейнер түрлерiнде; е) құбырларда немесе олардың көмегiмен тауарлардың немесе жолаушылардың қозғалысын бiлдiредi. Негiзгi Келісімнің мақсаттары Негiзгi Келісімнiң мақсаттары: а) Еуропа, Қара теңiз, Кавказ, Каспий теңiзi және Азия аймақтарында экономикалық қарым-қатынасты, сауданы және көлiк қатынасын дамыту; б) автомобиль, әуе және темір жол көлiгiнiң, сондай-ақ саудалық кеме қатынасы халықаралық рыногына кіруге жәрдемдесу; в) жүктердiң, жолаушылардың халықаралық тасымалдарына және көмiрсутегi өнiмдерiн халықаралық тасымалдауға ықпал ету; г) қозғалыс қауiпсiздiгiн, жүктердiң сақталуын және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету; д) көлiк саясатын, сондай-ақ көлiк саласындағы құқылық шеңберлердi үйлесiмдi ету; е) жекелеген көлiк түрлерi арасында тең бәсекелестiк жағдайын жасау болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|