Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттiгiнiң мәселелерi ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 100 қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметiн жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" 2001 жылғы 22 қаңтардағы № 536 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) туралы ереже бекітілсiн. 2. Агенттiк Төрағасына үш орынбасары, оның ішiнде бiр бiрiншi орынбасары болуына рұқсат етiлсiн. ҚР Үкіметінің 06.09.02 ж. № 981 қаулысымен 3-тармақтын күші жойылды 3. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 25 ақпандағы № 173 қаулысында: 1-тармағының 3), 4) тармақшалары алынып тасталсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі туралы ережеде: 1-тармағының екiншi абзацында "Салық полициясы комитетi" деген сөздер алынып тасталсын; 19-тармағында "мен Салық полициясы комитетiнiң" деген сөздер алынып тасталсын; 2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 2 тамыздағы № 1093 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 40, 343-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдеріне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтыруларда: 1-тармағының 4) тармақшасы алынып тасталсын. 4. Агенттік бір айлық мерзімде белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру жөнінде ұсыныстар енгізсін; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|