|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 желтоқсандағы
ҚР Үкіметінің 2006.17.08. № 778 Қаулысымен күші жойылды
Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу саласын реттейтін нормативтік құқықтық негізді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін де, кірмейтін де орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері мен жергілікті өкілді және атқарушы органдарының актілерін мемлекеттік тіркеудің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 желтоқсандағы № 1278 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 48, 427-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін де, кірмейтін де орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері мен жергілікті өкілді және атқарушы органдарының актілерін мемлекеттік тіркеудің тәртібінде: 13-тармақтың 1-1) тармақшасы: мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын: "Нормативтік құқықтық акт республикалық бюджет кірістерінің қысқартылуын немесе шығыстарының ұлғайтылуын көздейтін жағдайда ол Қаржы министрлігімен келісуге жатады. Нормативтік құқықтық актілерді келісу мерзімі 5 жұмыс күнінен аспауға тиіс және нормативтік құқықтық акті тиісті мемлекеттік органға келіп түскен күннен бастап есептеледі.". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |