|
|
|
Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Банкі мен Қазақстан Республикасының Келісім 2001 ж. 30 наурыздағы № 169-II ҚР Заңына сәйкес бекітілді Жапония Yкіметі мен Қазақстан Республикасының Yкіметi арасындағы 2000 жылғы 1 сәуірдегі Қазақстан Республикасын экономикалық тұрақтандыру және дамыту жөніндегi қадамдарға көмек көрсету мақсатында Жапония ұсынатын заемға жататын Ноталар Алмасу мазмұнының тұрғысынан, ЖАПОНИЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ БАНКI (бұдан әрi "Банк" деп аталады) және ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКIМЕТI (бұдан әрi "Заем алушы" деп аталады) осымен, осы келісімге барлық толықтыруларды қамтитын мынадай Заем туралы Келісімді жасасады. Заем 1-Бөлiм Заемның Сомасы мен Мақсаттары Банк Заем алушыға сипатталуы осы Келісімге 1-Қосымшада келтiрiлiп отырған Батыс Қазақстандағы Жол Желісін Қайта Жаңарту Жобасын (бұдан әрi "Жоба" деп аталады) орындау үшiн негiзгi сома ретiнде Заем туралы Келісімде (бұдан әрi "Заем" деп аталатын) айтылатын шарттар мен ережелерде және Жапонияның тиiстi заңдары мен ережелерiне сәйкес, алайда, Заем туралы Келісімге сәйкес төлемдер жиынтығында жоғарыда көрсетiлген шектi сомаға жеткен кезде, Банк ешқандай одан әрi төлемдер жүргiзбеген жағдайда, ОН АЛТЫ МИЛЛИАРД БЕС ЖYЗ ОТЫЗ ТОҒЫЗ МИЛЛИОН (16,539,000,000) жапон иенiнен аспайтын соманы беруге келісім бередi. 2-Бөлiм Заем Қаражатын Пайдалану (1) Заем алушы сипатталуы осы Келісімге 4-Қосымшада келтiрiлiп отырған қолайлы елдердiң-көздердiң (бұдан әрi "Қолайлы Ел (-дер) - Көз (-дер) деп аталады) берушiлерiне, мердiгерлерден немесе консультанттардан (бұдан әрi бiрлесiп "Берушi (-лер)" деп аталады) сипатталуы осы Келісімге 2-Қосымшада келтiрiлiп отырған Заем қаражатын бөлуге сәйкес Жобаны орындау үшiн қажеттi қолайлы тауарлар мен қызметтер сатып алу үшiн Заем қаражатының пайдаланылуын қамтамасыз етедi. (2) Қорытынды төлем Заем туралы Келісімге сәйкес Заем туралы Келісім күшiне енген күннен кейiн жетi (7) жылдан кейiнгi сол күннен және айдан кешiктiрмей жүргiзiледi және осыдан кейiн БАНК, егер БАНК пен Заем алушы арасында өзгеше көзделмесе, ешқандай бұдан әрi төлемдер жүргiзбейдi. Өтеу және Пайыздар 1-Бөлiм Заемның Негізгі Сомасын Өтеу Заем алушы осы Келісімге 3-Қосымшада келтiрiлген Борышты Мерзiмiн ұзартып Өтеу Кестесiне сәйкес Заемның негiзгi сомасын БАНККЕ өтейдi. 2-Бөлiм Пайыздар және оларды Төлеу Тәсiлi (1) Заем алушы БАНККЕ төменде көрсетiлетiн (а), (b) және (с) санаттарына сәйкес келетiн, өзiнен төлемдер жүргiзiлетiн (бұдан әрi "Негiзгi Сома (I)" деп аталады) және өзi бойынша төлемге ұсынылмаған сомасы бар негiзгi сома бойынша жылына екi бүтiн оннан екi пайызды құрайтын ставка бойынша жарты жылда бiр рет пайыздар төлейдi: (а) (А) Санатына жатқызылған Заем қаражатынан төленетiн негiзгi сома (осы Келісімге 2-Қосымшаның 1-Бөлiмiнде көзделетiндей); (b) өзi туралы жоғарыдағы (1) (а) тармақшада айтылатын төлемге қатысты Заем қаражатынан төленетiн қызмет көрсету үшiн алымдар; (с) (С) Санатынан қайта бөлiнетiн (осы Келісімге 2-Қосымшаның 1-Бөлiмiнде көзделетiндей) және жоғарыдағы (1) (а) және/немесе (1) (b) тармақшада келтiрiлiп отырғанына қатысты төленетiн кез келген негiзгi сома. (2) Заем алушы БАНККЕ төменде көрсетiлетiн (а), (b) және (с) санаттарына сәйкес келетiн, өзiнен төлемдер жүргiзiлетiн және өзi бойынша төлемге ұсынылмаған сомасы бар негiзгi сома (бұдан әрi "Негiзгi Сома (ІІ)" деп аталады) бойынша жылына екi бүтiн оннан екi пайызды құрайтын ставка бойынша жарты жылда бiр рет пайыздар төлейдi: (а) (В) Санатына жатқызылған Заем қаражатынан төленетiн негiзгi сома (осы Келісімге 2-Қосымшаның 1-Бөлiмiнде көзделетiнiндей); (b) өзi туралы жоғарыдағы (2) (а) тармақшада айтылатын төлемге қатысты Заем қаражатынан төленетiн қызмет көрсету үшiн алымдар; (с) (С) Санатынан қайта бөлiнетiн (осы Келісімге 2-Қосымшаның 1-Бөлiмiнде көзделетiнiндей) және жоғарыдағы (2) (а) және/немесе (2) (b) тармақшада келтiрiлiп отырғанына қатысты төленетiн кез келген негiзгi сома. (3) Заем алушы Банкке: (і) Заем қаражатын төлеу аяқталатын күнге дейiн (бұдан әрi "Төлемдер Аяқталған Күн" деп аталады) әрбiр жылдың 20 қаңтарында өткен жылғы 20 маусымнан бастап 19 желтоқсанға дейiн жинақталған пайыздарды және әрбiр жылдың 20 шiлдесiнде өткен жылғы 20 желтоқсаннан бастап осы жылдың 19 маусымына дейiн жинақталған пайыздарды; және (ii) Төлемдер Аяқталған Күннен кейiн әрбiр жылдың 20 желтоқсанында осы жылғы 20 маусымнан бастап 19 желтоқсанға дейiн жинақталған пайыздарды және әрбiр жылдың 20 маусымында өткен жылғы 20 желтоқсаннан бастап 19 маусымға дейiн жинақталған пайыздарды төлейдi. (4) Төлемдер Аяқталған Күн 20 маусымнан немесе 20 желтоқсаннан бастап екi айдан ерте болмай басталатын жағдайларда, алдыңғы кiшi бөлiмге қарамастан, осы күндердің қайсысы бұрын басталатынына қарамастан, Төлемдер Аяқталған Күннен кейiн пайыздарды алғашқы төлеу осы күндердiң қайсысы бұрын басталатынына қарамастан, 20 қаңтарда немесе 20 шiлдеде жүргізіледi. Ерекше Шарттар 1-бөлiм Жалпы Шарттар мен Ережелер Заем туралы Келісімге әдетте қолданылатын басқа шарттар мен ережелер 1999 жылғы қазандағы ОDА Заемдары бойынша Жалпы Шарттар мен Ережелерде мынадай қосымша ережелермен (бұдан әрi "Жалпы Шарттар мен Ережелер" деп аталады) айтылады: (1) "Негiзгi сома" терминi Жалпы Шарттар мен Ережелерде ол қолданылатын барлық жағдайларда "Негiзгi Сома (І)" және "Негiзгi Сома (ІІ)" терминдерiмен ауыстырылады; (2) Заем алушы негізгi соманы өтеудi немесе пайыздарды немесе басқа да соманы төлеудi төлемдердi белгілi бiр борышқа жатқызу тәртібін көрсетпестен, жүргiзетiн жағдайда, БАНК төлемдердi негiзгi сома, пайыздар немесе өзге төлемдер арасында Негiзгi Сома (І) және Негiзгi Сома (ІІ) бойынша осындай жатқызу тәртібі туралы шешiм қабылдауы мүмкін; (3) Жалпы Шарттар мен Ережелердiң 3.07-Бөлiмiне қатысты Заем алушы 3аем бойынша негiзгi соманың барлық төлемдерiн, пайыздарды және басқа да төлемдердi БАНКТІҢ мына банктегі шотының несиесiне жатқызады Tokyo-Mitsubishi Ltd. "Токио-Мицубиси Лтд." Uchisaiwarcho Office "Учисайварчо" бөлiмшесi Tokyo Токио Japan Жапония Account № 0011444 шот № 0011444. (4) Жалпы Шарттар мен Ережелердiң 9.03-Бөлiмi мынадай сөздермен ауыстырылады: Заем туралы Келісімдегi тараптарға немесе тараптар үшiн барлық хабарламалар, сұрау салулар, талаптар және басқа да хабарлар тапсырыс берiлген авиациялық почтамен немесе халықаралық деңгейде танылған курьердiң қызметтерiнiң көмегiмен немесе телекс немесе факсимильдiк байланыс бойынша (тапсырыс берiлген авиациялық почтамен немесе халықаралық деңгейде танылған курьердiң қызметтерiнiң көмегiмен тез арадағы растамамен, растаманы алу телекс пен факсимильдiк байланыс бойынша iс жүзiнде тиiстi хабар алу үшiн қажеттi болып табылмаса да) Заем туралы Келісімде көрсетілетiн мекен-жайлар бойынша немесе Заем туралы Келісімдегі қандай да бiр тарап Келісімдегi басқа тараптардың әрқайсысына жазбаша хабарламада көрсетуi мүмкiн осындай басқа мекен-жайлар берiледi немесе ұсынылады. (5) Жалпы Шарттар мен Ережелердiң 10.02 (1) Бөлiмiне қатысты № 5 Нысан осы Келісімге қоса берiлетiн № 5 Нысанға сәйкес ресiмделедi. 2-Бөлiм Сатып Алу Рәсiмi Жалпы Шарттар мен Ережелердiң 4.01-Бөлiмiнде айтылатын консультанттарды сатып алу және жалдау ережесi осы Келісімге 4-Қосымша түрiнде ұсынылатын Сатып Алу Рәсiмiнде қалай да болсын айтылады. 3-Бөлiм Төлем Рәсiмi Жалпы Шарттар мен Ережелердің 4.01-Бөлiмінде айтылатын төлемдердің рәсiмі мынадай болып табылады: (1) Осы Келісімге 5-Қосымша түрiнде ұсынылатын, Мiндеттемелерге Байланысты Рәсім Қазақстан Республикасының валютасынан басқа валютамен көрсетiлген келiсім-шарттың бөлiгіне қатысты Қазақстан Республикасынан басқа, Қолайлы Елден (-дерден) - Көзден (-дерден) Берушіге (-лерге) төлеу жағдайларында қолданылады. (2) Осы Келісімге 6-Қосымша түрiнде ұсынылатын Өтеу Рәсімi Берушіге (-лерге) Қазақстан Республикасынан және Қазақстан Республикасының валютасынан басқа валютамен көрсетiлген келiсім-шарттың бөлiгiне қатысты Қазақстан Республикасынан басқа, Қолайлы Елден (-дерден) - Көзден (-дерден) Берушiге (-лерге) жүргiзiлетін төлемдер бойынша төлеу жағдайларында қолданылады. 4-Бөлім Заемды Басқару (1) Заем алушы Көлiк және Коммуникациялар Министрлігіне (бұдан әрi "Орындаушы-Ұйым" деп аталады) Жобаны орындауға уәкiлеттiк бередi. (2) Заем алушы Орындаушы-Ұйымның Жобаны орындау үшін консультанттар жалдауын қамтамасыз етедi. (3) Егер Заемнан берілетiн қаражат Жобаны орындау үшiн жеткіліксiз болса, Заем алушы талап етiлетiн қаражатты ұсыну жөнiнде тез арада шаралар қабылдайды. (4) Жобаны орындау үшiн Заем алушы Орындаушы-Ұйымға Заем қаражатынан заем (заемдар) (бұдан әрi "Қосалқы заем") беруi мүмкiн. Қосалқы заемның шарттары мен ережелерi Заем туралы Келісімнің шарттары мен ережелеріне қарағанда қолайлы болып табылады. (5) Заем алушы БАНККЕ Орындаушы-Ұйымның БАНК негiздемелi сұрау салуы мүмкiн осындай нысанда және осындай нақтылықпен Жоба аяқталғанға дейін Жобаның орындалу барысы туралы тоқсан сайынғы (әрбiр жылдың қаңтарында, сәуiрінде, шiлдесінде және қазанында) есептер беруін қамтамасыз етеді. (6) Заем алушы тез арада, бірақ кез келген жағдайда Жоба аяқталғаннан кейін алты (6) ай iшiнде БАНККЕ Орындаушы-Ұйымның БАНК негiздемелi сұрау салуы мүмкін осындай нысанда және осындай нақтылықпен жобаның аяқталғаны туралы есептi беруін қамтамасыз етедi. (7) Заем алушы мүмкiндiгінше жылдам мерзімде және кез келген жағдайда Жоба бойынша инженерлік-құрылыс жұмыстарын жүргiзуге арналған келісім-шарттар жасасу туралы ұсыныстар беруге шақырғанға дейін осы мәселелермен айналысатын ұйымның түпкi мақұлдауын алуын қоса алғанда, Орындаушы-Ұйымның Жобаға байланысты Қоршаған Ортаға Ықпал Етудi Бағалаудың (бұдан әрi "ҚОЫБ" деп аталады) барлық рәсiмдерiн орындауын қамтамасыз етедi. 5-Бөлiм Хабарламалар мен Сұрау Салулар Жалпы Шарттар мен Ережелердiң 9.03-Бөлiмiнiң мақсаттары үшiн мынадай мекен-жайлар көрсетiледi: БАНКТІҢ мекен-жайы: Почталық мекен-жайы: JAPAN BANK FOR INTERNATIONAL - ЖАПОНИЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ COOPERATION ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ БАНКI 4-1, Ohtemachi Ichome 4-1, Охтемачи Ичом Chiyoda-ku Чийода-ку Tokyo 100-8144 Токио 100-8144 Japan Жапония Attention: Дамуға Көмектесу жөніндегi IV Бөлiм Director General Бас Директорының Development Assistance Department IV Назарына Теlех: Телекс: 1) Call No. : J28360 1) Шақырылатын : J28360 Нөмір Answer Back Code : JBIC J28360 Автожауап : JВIС J28360 берушiнiң Коды 2) Call No. : J28430 1) Шақырылатын : J28430 Нөмір Answer Back Code : JBIC J28430 Автожауап : JВIС J28430 берушiнiң Коды Facsimile: Факсимильдік байланыс нөмірі: 81-3-5218-3973 81-3-5218-3973 Заем алушының мекен-жайы: Почталық мекен-жайы: THE MINISTRY OF FINANCE Қазақстан Республикасының 33 Pobeda Ave. ҚАРЖЫ МИНИСТРЛIГI Astana, 473000 Астана, 473000 The Rebublic of Kazakhstan Жеңiс Даңғылы, 33 Attention: Министрдiң Minister Назарына Facsimile: Факсимильдік байланыс нөмірі: 7-3172-117762 7-3172-117762 Орындаушы-Ұйымның мекен-жайы: Почталық мекен-жайы: THE MINISTRY OF TRANSPORT Қазақстан Республикасының AND COMMUNICATIONS КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР Abai Ave. МИНИСТРЛIГI Astana, 473000 Астана, 473000 The Rebublic of Kazakhstan Абай Даңғылы Attention: Министрдiң Minister Назарына Facsimile: Факсимильдік байланыс нөмірі: 7-3172-321058 7-3172-321058 Жоғарыда көрсетіліп отырған мекен-жайлар және/немесе атаулар өзгерген жағдайда, осындай өзгерістер орын алған тарап басқа тарапты жаңа мекен-жайлар және/немесе атаулар туралы жазбаша түрде хабардар етедi. ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРА ОТЫРЫП, БАНК пен Заем алушы тиiстi негiзде уәкiлеттік берiлген өздерiнiң өкiлдерi арқылы әрекет ете отырып, өздерiнiң аттарынан осы Келісімнiң тиiсiнше жасалуын және оның Чийода-ку, Токио, Жапония мекен-жайы бойынша жоғарыда басында көрсетіліп отырған күнi мен жылы ЖАПОНИЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ БАНКIНIҢ ғимаратына ресми түрде берiлуiн қамтамасыз еттi. ЖАПОНИЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ БАНКI YКIМЕТI үшін үшін Жобаны Сипаттау 1-Бөлiм Жобаны Сипаттау (1) Мақсаты Неғұрлым маңызды учаскелердi қайта жаңарту нәтижесінде Батыс Қазақстанда елдiң жол көлiгi негiзгi жүйесінiң тиiмділігі мен сенiмдiлiгiн арттыру және техникалық көмек көрсету нәтижесiнде ағымдағы техникалық қызмет көрсету деңгейiн арттыру. (2) Жобаға сәйкес Жолдағы Жұмыс Учаскелерi (А) Қарабұтақ - Ақтөбе (В) Қарабұтақ - Қостанай (С) Атырау - Орал (3) Орындаушы-Ұйым Көлiк және Коммуникациялар Министрлігі (4) Жұмыс Көлемi (А) Жол Желiсін Қайта Жаңарту жөніндегі Жұмыстар (В) Консультациялық Қызметтер Жоғарыда көрсетіліп отырған және кез келген басқа тармақтар бойынша кез келген қалдықты Заем алушы қаржыландырады. 2-Бөлім Қаржыландырудағы бағаларға сәйкес жылдық қажеттілік төменде көрсетіліп отыр:
Заем қаражатын төлеу Жапония Үкіметінің БАНК үшін жыл сайынғы бюджеттік қаржы бөлу шегінде жүргізіледі. 3-Бөлім Жобаны 2005 жылдың шілдесінде аяқтау ұйғарылып отыр. Заем Қаражатын Бөлу 1-Бөлiм Бөлу Санаты Заем Сомасын әртүрлi Қаржыландырылатын санаттарға жатқыза Шығыстар отырып Бөлу (жапон %-бен иен миллионымен) Мынадай баптар бойынша шетел валютасындағы бөлiк (А) Жол Жүйесін Қайта Жаңарту жөніндегі Жұмыстар 13,870 100 (В) Консультациялық қызметтер 1,449 100 (С) Күтпеген шығыстар 1,220 ________________________________________________________________________ Жиыны: 16,539 Ескерту: Қаржыландыру үшiн қолайсыз баптар төменде көрсетiледi. (а) Жалпы әкiмшiлiк шығыстар (b) Салықтар мен баждар (с) Жердi және өзге жылжымайтын мүлiктi сатып алу (d) Өтемақы (е) Жанама шығыстардың өзге де баптары Әр төлем кезiнде төленетiн сома егер БАНК пен Заем алушының арасында өзгеше келісілмеген болса, осы бөлімде көрсетiлетін пайызбен берiлген үлеске көбейтiлген қолайлы шығыстардың жалпы сомасынан есептеледi. 2-Бөлiм Шығыстар сметасын өзгерту кезiнде қаражатты қайта бөлу (1) Егер (А) және (В) Санаттарын қандай да болмасына енгiзiлген баптар бойынша шығыстар сметасында азаю болса, онда осы жағдайда мұндай Санатқа арналған, бiрақ ол үшiн қажет емес соманы БАНК қайта бөледі және (С) Санатына жатқызады. (2) Егер (А) және (B) Санаттарын қандай да болмасына енгізілген баптар бойынша шығыстар сметасында ұлғаю жүрген болса, онда бөлікке тең, егер ондай бар болса, Заем қаражатынан қаржыландырылатын мұндай ұлғаю сомасын БАНК Заем алушының сұрау салуы бойынша, алайда, басқа Санаттардағы баптар бойынша шығыстарға қатысты БАНК анықтаған күтпеген шығыстарға жататын талаптарды ескере отырып, (С) Санатынан осындай Санатқа жатқызатын болады. Борышты Бөліп Төлеуді Өтеу Кестесі 1. Негізгі Соманы Өтеу (І) Шартталған мерзім Сомасы (жапон иенімен) 2010 жылғы 20 желтоқсан 368,080,000 2011 жылғы 20 маусымнан бастап 2030 жылғы 20 желтоқсанды қоса алғанда, әр жылдың 20 маусымы және 20 желтоқсаны 368,048,000 2. Негізгі Соманы Өтеу (ІІ) Шартталған мерзім Сомасы (жапон иенімен) 2011 жылғы 20 маусымнан бастап 2040 жылғы 20 желтоқсанды қоса алғанда, әр жылдың 20 маусымы және 20 желтоқсаны 23,754,000 Сатып алу Рәсiмi 1-Бөлiм Заем бойынша Сатып алу кезiнде Қолданылатын Ереже (1) Заем қаражатынан қаржыландырылатын консультациялық қызметтердi қоспағанда, барлық тауарлар мен қызмет көрсетулердi сатып алу Жапония Халықаралық Даму Банкiнің ОDА Заемдары бойынша Сатып алу Ережесіне сәйкес (1999 жылғы қазан) (бұдан әрi - "Сатып алу Ережесi" деп аталады) жүргiзiледi. (2) Заем қаражатынан қаржыландырылатын консультанттарды жалдау Жапония Халықаралық Даму Банкінің ОDА Заемдары бойынша консультанттарды Жалдау Ережесіне сәйкес (1999 жылғы қазан) (бұдан әрi - "Консультанттарды Жалдау Ережелері" деп аталады) жүргiзіледi. 2-Бөлiм Қолайлы Елдер-Көздер (1) Заем қаражатынан қаржыландырылатын консультациялық қызметтерден басқа барлық тауарлар мен қызметтердi сатып алу үшiн Қолайлы Ел (-дер) Көз (-дер), барлық елдер мен әлемнің аймақтары болып табылады. (2) Заем қаражатынан қаржыландырылатын консультациялық қызметтер айналысы үшiн Қолайлы Ел (-дер) - Көз (-дер), Қазақстан Республикасы мен Жапония болып табылады. (3) Консультациялық фирмаларды жалдау жүргiзу кезiнде, мұндай фирмалар барлық мынадай талаптарға сәйкес келуi тиiс: (а) жазылу бойынша шығарылған акциялардың көпшiлiгi Қолайлы Елдердің-Көздердің азаматтарына тиесілі; (b) барлық жұмыс аптасында жұмыс істейтiн басқарушы директорлардың көпшiлiгi Қолайлы Елдердің-Көздердiң азаматтары болып табылады; (с) Мұндай фирмалардың акционерлік қоғам мәртебесi бар және Қолайлы Елдерде-Көздерде тiркелген. (4) Жоғарыда айтылған (3) тармақтың аталған талаптарына сәйкес келмейтiн консультациялық фирмалар көрсететін консyльтациялық қызметтер егер осындай фирмаларға келетiн айдағы адамдардың жалпы саны консультациялық қызметтер үшiн талап етiлетін айдағы адамдардың кемінде елу (50%) пайызын құраса, қаржыландыру үшін қолайлы болуы мүмкін. Алайда, осындай консультациялық фирмаларды Заем алушылар жалдамауы мүмкін, бірақ, жоғарыда (3) тармақта айтылған барлық шарттарға жауап беретін консультациялық фирмалармен қосалқы мердiгерлiк шарт жасалуы мүмкін. 3-Бөлім БАНКТІҢ тауарлар мен қызметтерді сатып алу туралы шешімдерді қарауы (1) Осы келісімге 2-қосымшада көрсетiлгендей (А) Санатына жатқызылған Заем қаражатынан қаржыландырылатын келісім-шарттардың жағдайында, Жалпы Шарттар және Ережелердiң 4.02-Бөліміне сәйкес мынадай рәсімдер БАНКТIҢ қарауына және мақұлдауына жатады. Осындай келісім-шарттарға қатысты Сатып алу Ережесінің 2.03 (b) - Бөлімінде көзделген "екi конверт" жүйесi бойынша сауда-саттық рәсiмдерi қабылдануы мүмкін. Бағалауға сәйкес құны кемiнде БЕС ЖYЗ МИЛЛИОН (500,000,000) жапон иенінен аспайтынын құрайтын кез келген келiсім-шартқа қатысты: (i) Егер Заем алушы Халықаралық Бәсекелi Сауда-саттықтардан басқа, сатып алу рәсімдерiн қабылдағысы келсе, Заем алушы БАНККЕ Сатып алу Тәсiлін (-дерін) Қарау туралы Сұрау салуды (осы Келісімге қоса берiліп отырған № 1 нысанға сәйкес) ұсынады. БАНК Заем алушыны өзінің келісімі туралы Сатып алу Тәсiліне (-деріне) қатысты Хабарламада сәйкес хабардар етедi. (ii) Алдын-ала баға алғандардың iшiнен фирмаларды іріктеу жүргiзiлгеннен кейін, Заем алушы БАНККЕ оның қарауына және мақұлдауына осындай фирмалардың тiзімін және жасалынған таңдаудың негiздемесімен және Алдын-ала Бағалау Нәтижелерiн Қарау туралы Сұрау Салумен бiрге барлық қажеттi құжаттарды қоса бере отырып, iрiктеу процесi туралы есептi ұсынады. Заем алушы оның мәліметi үшін БАНК негiздеп сұрау салатын алдын-ала бағалауға жататын осындай басқа да құжаттарды БАНККЕ ұсынады. Егер БАНК жоғарыда аталған құжаттарға қарсылық көрсетпеген жағдайда, БАНК тиiсінше Заем алушыны Алдын-Ала Бағалаудың Нәтижелеріне қатысты Хабарламада хабардар етедi. (ііі) "Екi конверт" жүйесi бойынша сауда-саттық рәсімдерін қабылдаған жағдайда, Заем алушы бағалардың ұсыныстарын хабарлағанға дейін БАНККЕ оның қарауына және мақұлдауына Техникалық Ұсыныстардың Талдау Нәтижелерi туралы Сұрау Салумен бiрге техникалық ұсыныстардың талдауын ұсынады. Заем алушы БАНК негіздемелi сұрау салған қаралатын мәселелерге осындай қатысы бар құжаттарды БАНККЕ оның мәліметі үшiн ұсынады. Егер БАНК қарсылық көрсетпеген жағдайда, ол тиiсінше Заем алушыны Техникалық Ұсыныстарды Талдауға қатысты Хабарламада хабардар етедi. (iv) Сауда-саттықта жеңiп шыққан қатысушыға тапсырыс беру туралы хабарламаны жiбермес бұрын Заем алушы БАНККЕ оның қарауына және мақұлдауына сауда-саттықтарда өтінімдердi талдауды және Сауда-саттықтардағы Өтiнiмдердi Талдауын Қарау туралы Сұрау Салумен бiрге тапсырыс беру туралы ұсынысты және Тапсырыс Беру туралы Ұсынысты ұсынады (Жоғарыдағы (ііі) тармақшада айтылған iс-қимылдарды орындау кезінде, "Сауда-саттықтардағы Өтінімдердi Талдау" деген сөз тiркесi бұдан әрi "Бағалардың Ұсыныстарын Талдау" дегенді білдіреді). Заем алушы БАНККЕ оның мәліметі үшiн мәселен, БАНК негіздемелi сұрау салатын тендер құжаттары сияқты тапсырыс беруге қатысты осындай басқа құжаттарды ұсынады. Егер БАНК жоғарыда аталған құжаттарға қарсылық көрсетпеген жағдайда, тиісінше Заем алушыны Сауда-саттықтағы Өтінімдерді Талдауға және Тапсырысты Жеткізу туралы Ұсынысқа қатысты Хабарламада хабардар етеді. (v) Сатып алу Ережесінің 5.10-Бөлімiнде айтылған және Заем алушы сауда-саттықтардағы барлық өтінімдерді жойғысы немесе ең төмен баға алған сауда-саттыққа қатысушымен келiссөздер жүргiзгiсi келген жағдайларда (немесе, осындай келiссөздердiң қолайлы нәтижесi болмаған кезде, ең төмен баға алған келесi қатысушымен), Заем алушы қолайлы келiсім-шарт жасасу мақсатында алдын ала қарауы және мақұлдауы туралы өтініммен өздерiнiң сұрау салу себептерi туралы БАНКТI хабардар етедi. Егер БАНК қарсылық көрсетпеген жағдайда, ол Заем алушыны өзiнің келiсімі туралы хабардар етедi. Сауда-саттық қайта жүргiзілген жағдайда, тiкелей байланысты барлық алдағы рәсiмдер (i) тармақшадан бастап (iv) тармақшаны қоса алғанда сәйкес келедi. (vi) Келiсім-шарт жасасқаннан кейін Заем алушы тез арада БАНККЕ оның қарауына және мақұлдауына Келiсім-Шартты Қарау туралы Сұрау Салумен бiрге тиiсті түрде расталған келісім-шарттың көшiрмесiн (осы Келiсімге қоса беріліп отырған № 2 Нысанға сәйкес) ұсынады. Егер БАНК келісім-шарт Заем туралы Келiсімге қайшы келмейтінін анықтаған жағдайда, БАНК тиісінше Заем алушыны Келісім-шартқа қатысты Хабарламада хабардар етедi. (vii) БАНК қараған келiсім-шартты кез келген өзгерту немесе жою үшін, бірақ келісім-шартта негiзгi болып табылмайтын және оның бағасына ықпал етпейтін келісім-шартты өзгерту үшiн Банктің осындай келісім талап етілмейтін кезде оған БАНКТIҢ алдын-ала жазбаша келiсімі талап етiледi. (b) Бағалауға сәйкес құны кемiнде БIР МИЛЛИАРД (1,000,000,000) жапон иенін құрайтын кез-келген келісім-шартқа қатысты: жоғарыдағы (а) (i) тармақшасынан бастап (vii) тармақшасын қоса алғанда айтылған барлық рәсімдерге қосымша мынадай iс-қимылдар орындалады. Алдын-ала бағалау туралы жариялаудың және/немесе хабарлаудың алдында Заем алушы БАНККЕ оның қарауына және мақұлдауына осындай Критерийлерді Қарау туралы Сұрау Салумен бiрге алдын-ала бағалау критерийін ұсынады. БАНК өзіне Заем алушыдан БАНКТІҢ мәліметi үшін алдын-ала бағалауға байланысты құжаттарды ұсынуды талап ету құқығын сақтайды. Егер БАНК жоғарыда аталған критерийлерге қарсылық етпесе, Банк тиiсінше Заем алушыны Алдын-ала Бағалау Критерийлерiне қатысты Хабарламада хабардар етедi. Заем алушы жоғарыда айтылған критерийлердi кез келген өзгерту үшiн БАНКТIҢ алдын ала жазбаша келісімі талап етiледi. Егер Банк қажет деп санаса, алдын-ала бағалау құжаттарына қатысты Банктiң қарауы мен мақұлдауы талап етiледi. (c) Бағалауға сәйкес қатысты құны кемінде YШ МИЛЛИАРД (3,000,000,000) жапон иенiн құрайтын кез келген келісім-шартқа қатысты: жоғарыдағы (а) (i) тармақшасынан бастап (vii) және (b) тармақшаларын қоса алғанда айтылған барлық рәсімдерге қосымша мынадай iс-қимылдар орындалады. Сауда-саттықтарға қатысуға шақырудың алдында Заем алушы БАНККЕ оның қарауына және мақұлдауына осындай Критерийлердi Қарау туралы Сұрау салуымен бiрге сауда-саттықтың өтiнiмдерiн бағалау критерийiн ұсынады. БАНК өзіне Заем алушыдан БАНКТІҢ мәліметі үшін тендерге байланысты құжаттарды ұсынуды талап ету құқығын сақтайды. Егер БАНК жоғарыда аталған критерийлерге қарсылық білдірмеген жағдайда. БАНК Заем алушыны тиісінше Сауда-саттықтардағы Өтінімдерді Бағалау Критерийлеріне қатысты Хабарламада хабардар етеді. Заем алушының жоғарыда айтылған кез келген критерийлерді кез келген өзгертуі үшін, оған БАНКТІҢ алдын ала жазбаша келісімі талап етіледі. Банк қажет деп санаған жағдайда, тендер құжаттарын БАНКТІҢ қарауы мен мақұлдауы талап етіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |