"Мемлекеттік тілді оқу бағдарламасы көлемінде меңгерген және ҚР Ішкі істер миниистрінің 2004 жылғы 8 қыркүйектегі № 186 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығымен бекітілген "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының" 5.2-тармағын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы" 1998 жылғы 14 тамыздағы № 769 қаулысының 1-тармақтағы 3-тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған "Мемлекеттік тілді оқу бағдарламасы көлемінде меңгерген және оны іс жүргізуде қолдана білетін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлері мен Ішкіісмин ішкі әскерлерінің әскери қызметшілерін моральдық және материалдық ынталандыру тәртібі" бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Ішкіісмині ҚАЖ Комитетінің төрағасы, ІӘҚББ, Департаменттерінің, дербес басқармаларының, Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың және оқу орындарының бастықтары, Астана қаласы ІІБ-нің, Алматы қаласы ІІББ-нің, облыстардағы ІІББ-ІІБ мен көліктегі ІІББ-нің бастықтары осы Тәртіптің орындалуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі полиция полковнигі С.Н. Баймағанбетовке және Мемлекеттік тілді дамыту басқармасына (С.Ж. Қарақыстық) жүктелсін. 4. Бұйрық Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жеке құрамына жариялансын. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі - Ішкі әскерлер қолбасшысы генерал-майор Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің 2001 жылғы 28 ақпандағы № 186 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік тілді оқу бағдарламасы көлемінде меңгерген және Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|