Жоба Дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын құрылысын салу үшін жер ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы № 396 қаулысымен мақұлданды Бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі, Түрік Республикасында Қазақстан Республикасының және Қазақстан Республикасында Түрік Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің болуы мен жұмыс істеуіне тиісті жағдайлар жасауды қамтамасыз ету мақсатында, Дипломатиялық қатынастар туралы 1961 жылғы 18 сәуірдегі Вена Конвенциясын назарға ала отырып, төмендегілер туралы келісті: 1-бап Қазақстандық Тарап түркиялық Тарапқа 99 жыл бойы өтеусіз пайдалану үшін Астана қаласында орналасқан, атап айтқанда, Қара Өткелдегі жалпы көлемі 12600 шаршы метр және "Жастар" ықшам ауданындағы жалпы көлемі 17600 шаршы метр жер учаскелерін береді. Қазақстандық Тарап Астана қаласындағы Түрік Республикасының Елшілігі құрылысының аяқталуына дейін, түркиялық Тарапқа Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Төле би, 29 мекен-жайы бойынша орналасқан Түрік Республикасының Елшілігі кеңсесінің жалпы көлемі 465 шаршы метр ғимаратын және көлемі 1700 шаршы метр учаскесін, сондай-ақ сол төңіректегі көлемі 2200 шаршы метр іргелес жер учаскелерін тегін беруге міндеттенеді: Астана қаласындағы аталған жер учаскелері түркиялық Тарапқа жерден ажыратылмайтын жылжымайтын мүліктің құқықтық ықпалынсыз берілетін болады. Түркиялық Тарап Астана қаласындағы аталған жер учаскелерінде Түрік Республикасы Елшілігінің жұмыс істеуіне қажетті құрылыстар сала алады. 2-бап Түркиялық Тарап қазақстандық Тарапқа 99 жыл бойы өтеусіз пайдалану үшін Түрік Республикасының Анкара қаласындағы Оран дипломатиялық қалашығында орналасқан жер учаскелерін, атап айтқанда, көлемі 4294 шаршы метр нөмірі 25016/3 учаскені, көлемі 4066 шаршы метр нөмірі 25016/4 учаскені және көлемі 2810 шаршы метр нөмірі 25012/6 учаскені береді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|