Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Эстон Республикасының Yкіметі арасындағы Әуе қатынасы туралы (Алматы қ., 2001 ж. 26 сәуір)
Келісімді бекіту туралы Заңның жобасы ҚР Парламентi Мәжілісiнiң қарауына ҚР Үкіметінің 2003 ж. 24 қарашадағы № 1169 Қаулысына сәйкес енгізілді
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Эстон Республикасының Үкіметі арасында Әуе қатынасы туралы келісім жасасу туралы» ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 9 сәуірдегі № 480 Қаулысын қараңыз
Бұдан әрi - «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Эстон Республикасының Үкіметі, Чикагода 1944 жылғы 7 желтоқсанда жасалған Халықаралық Азаматтық Авиация туралы Конвенцияның қатысушылары ретiнде, өз мемлекеттерiнің аумақтары арасында, сондай-ақ одан тыс жерлерде әуе қатынасын орнату мақсатында осы Келiсімдi жасасуға тiлек білдiре отырып, төмендегiлер туралы келiстi: 1. Осы Келісімде: а) «Конвенция» терминi Чикагода 1944 жылғы 7 желтоқсанда жасалған және Вашингтонда қол қою үшiн ашылған Халықаралық Азаматтық Авиация туралы Конвенцияны бiлдiредi және өзiне осы Конвенцияның 90-бабына сәйкес қабылданған кез келген Қосымшаны және осы Қосымшалар мен түзетулердi Тараптардың екеуi де қабылдаған дәрежеде Конвенцияның 90 және 94-баптарына сәйкес қабылданған Қосымшаларға немесе Конвенцияға енгiзiлетiн кез келген түзетудi қамтиды; б) «авиациялық өкiмет орындары» терминi Қазақстан Республикасына қатысты Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігін, ал Эстон Республикасына қатысты Эстон Республикасының Көлiк және байланыс министрлігін немесе екi жағдайда да қазiргi уақытта аталған өкiмет орындары орындайтын функцияларды жүзеге асыруға уәкiлеттiк берiлген кез келген тұлғаны немесе органды білдiредi; в) «тағайындалған авиакәсiпорын» терминi осы Келісімнiң 3-бабына сәйкес тағайындалған және ұшуларды орындауға рұқсат алған авиакәсiпорынды білдіредi; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|