|
|
|
"Қазақстан Халықтық Жинақ Банкі" ашық акционерлік қоғамы акцияларының "Қазақстан Халықтық Жинақ Банкi" ашық акционерлік қоғамының кезең-кезеңiмен жекешелендiрiлуiн аяқтау мақсатында Қазақстан Республикасы ?кіметi қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен 2001 жылдың төртiншi тоқсанында "Қазақстан Халықтық Жинақ Банкi" ашық акционерлік қоғамының бастапқы құны 100 (жүз) теңге саны 18 075 334 данадағы акцияларының мемлекеттік пакетiн бiрыңғай лотпен аукционда жекешелендiрудi жүзеге асырсын. ҚР Үкіметінің 11.10.01 ж. № 1315 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1) "Жекешелендiрудiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 18 қазандағы № 1556 қаулысына: осы қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакетi жеке жоба бойынша жекешелендiрiлетiн аса iрi және бiрегей акционерлік қоғамдардың тiзбесiнде: реттiк нөмiрi 10-жол алынып тасталсын; 2) "1998-2001 жылдарға арналған Қазақстан Акционерлік Халықтық Жинақ банкiн кезең-кезеңмен жекешелендiрудiң негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 6 шiлдедегi № 644 қаулысына: осы қаулымен мақұлданған 1998-2001 жылдарға арналған Қазақстан Акционерлік Халықтық Жинақ банкiн кезең-кезеңмен жекешелендiрудiң негiзгi бағыттарында: 5-тармақтың 2) тармақшасының екiншi абзацындағы "республиканың ұйымдастырылған қор рыногында және халықаралық бағалы қағаздар рыногында не біртұтас пакетпен немесе пакеттермен инвесторларға" деген сөздер алынып тасталсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |