|
|
|
Қазақстан Республикасының бастауыш және орта кәсіптік білім беретін "Қазақстан Республикасында бастауыш және орта кәсіптік білім беруді одан әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 15 мамырдағы № 721 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарын ақпараттандыру бағдарламасы бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 10 мамырдағы № 616 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарын ақпараттандыру бағдарламасы ПАСПОРТЫ Бағдарламаның атауы - Қазақстан Республикасының бастауыш және орта кәсiптiк білім беретiн оқу орындарын ақпараттандыру бағдарламасы Әзiрленім үшiн негiздеме - "Қазақстан Республикасында бастауыш және орта кәсiптiк білім берудi одан әрi дамыту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 15 мамырдағы № 721 қаулысы Әзiрлеушi - Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі Мақсаты - Бастауыш және орта кәсiптiк білім беру ұйымдарының оқу процесiн оқытудың жаңа технологияларымен, ақпараттық және телекоммуникациялық техникалармен қамтамасыз ету әрi оларды енгізу Iске асыру мерзiмi - 2002-2005 жылдар 1. Кiрiспе Соңғы жылдары компьютерлiк, телекоммуникациялық техниканың, технологияның рөлi мен орны түбегейлi өзгердi. Әлеуметтiк кеңiстiктi ғаламдық ақпараттандыру қоғамның даму заңдылығының бiрi болып отыр. Әрбiр елдiң технологиялық даму дәрежесiне оның экономикалық қуаты мен халқының тұрмыс деңгейi ғана емес, сол елдiң әлемдiк қоғамдастықта алатын орны, басқа елдермен экономикалық және саяси ықпалдасу мүмкiндiктерi, сондай-ақ ұлттық қауiпсiздiк мәселелерiн шешуi де байланысты. Сонымен қатар, әлдебiр елде қазiргi технологияның дамуы мен қолданылуының деңгейi оның материалдық базасының дамуымен ғана емес, негiзiнен қоғамды парасаттандыру деңгейiмен, оның жаңа білімдi туындату, игеру және қолдана бiлу қабiлетiмен де анықталады. Мұның барлығы елде білім беру iсiн дамыту деңгейiмен және білімдi ақпараттандыру мәселелерiмен байланысты. Экономикалық тұрғыдан озық елдердiң дамуына жасалған талдау - білім беру жүйесiн ақпараттандыру кейiн олардың экономикасының, ғылымы мен мәдениетiнiң жедел дамуының басты шарттарының бiрi болғанын көрсетедi. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды игеру бүгiнгi әлемде оқи және жаза бiлу сияқты қасиеттермен қатар тұр және әркiм үшiн қажет. Бұл орайда болашақ мамандардың алған білімi мен дағдылары көп ретте қоғамның одан әрi даму жолын анықтайды. Қазақстан Республикасының бастауыш және орта кәсiптiк білім беретiн оқу орындарын ақпараттандыру бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің орта білiм беру жүйесiн ақпараттандыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын одан әрi дамыту болып табылады және "Қазақстан Республикасында бастауыш және орта кәсiптiк білім берудi одан әрi дамыту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 15 мамырдағы № 721 қаулысының 2-тармағына сәйкес әзiрлендi әрi бiрыңғай ақпараттық-білім беру кеңiстiгiн құру жөніндегі мiндеттердi шешуге ықпал етедi. 2. Проблеманың қазiргі жай-күйiн талдау Қазiргi кезде Қазақстанда 278 мемлекеттік кәсiптiк мектеп, лицей және 141 мемлекеттік колледж жұмыс жасайды. Оқу-есептеу техникасымен жарақтандыруды талдау 72 кәсiптiк мектеп пен лицейде, 61 колледжде ғана Қазақстан Республикасы Президентінің орта білім беру жүйесін ақпараттандыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын (Азия Даму Банкі тарапынан) орындау шеңберiнде Pentium процессорына негiзделген соңғы маркадағы компьютерлер бар. Бiрақ басым көпшiлiк жағдайда, атап айтқанда, 286 бастауыш және орта кәсiптiк білім беру ұйымында ескi компьютерлiк техника орнатылған. Бұл техникалар оқу жұмыстарының нысандары мен әдiстерiн қазiргi талапқа сәйкес жетiлдiруде, сондай-ақ білім беру жүйесiн басқарудың тиiмдiлiгiн арттыруда қазiргi ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн толық пайдалануға мүмкiндiк бермейдi. Бiлiм беру жүйесiн оқыту мен басқарудың қазiргi технологиясын пайдалану негiзiнде жетiлдiру мәселелерiн шешуде кешендiк пен жүйелiлiк болмай отыр. Қазiргi кезде компьютерлiк техниканың ең төменгi параметрлерi: процессор - Pentium жиiлiгi - 500 Мг-дан төмен емес, жедел зердесi - 64 Мб және одан жоғары, ұзақ уақыт сақтайтын зердесi - 5 Гб және одан жоғары, бейнелiк зердесi - 8 Мб және одан жоғары болуы керек. Компьютерлердiң көрсетілген параметрлерi Windows - 2000, Microsowft Office - 2000 операциялық жүйелерiмен, электронды оқулықтармен жұмыс істеу қажеттiлiгiнен туындайды. Бiлiм беру ұйымдарында қолдағы бар компьютерлiк техника "4+1-ден" бастап "10+1-ге" дейiнгi әртүрлi кескiндi оқу-есептеу техникасы сыныптарына бiрiктiрiлген және "Есептеу техникасы және ақпараттану" пәнiн жүргiзу үшiн пайдаланылады. Кәсiптiк мектептердегi, лицейлердегi және колледждердегi бар оқу-есептеу техникасы сыныптарының бiр де бiрi жоғарыда аталған талаптарды қанағаттандырмайтынын атап өту қажет. Электронды оқу залдары ашылған Қызылорда мен Орал педагогикалық колледждерiн санамағанда, электронды оқу залы, автоматтандырылған басқару жүйесi, электронды дәрiс залы сияқты басқа модельдер iс жүзiнде жоқ. Кәсiптiк мектептерде, лицейлерде және колледждерде оқулықтар, оқу-әдiстемелiк құралдар, бағдарламалық-техникалық есептеу-ақпараттық техникасының қазiргi заманғы жағдайына баламалы бағдарламалық құралдары жоқ. Сонымен қатар, ақпараттандыру оқушылардың тек компьютерлiк сауатын ашып қана қоймай, оқу, тәрбие, басқару процесiн жетілдiрудi көздейдi. 3. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi Бағдарламаның негiзгi мақсаттары: 1) бастауыш және орта кәсiптiк білім беру ұйымдарының оқу процесін оқытудың жаңа технологияларымен, ақпараттық және телекоммуникациялық техникалармен қамтамасыз ету әрi оларды енгізу; 2) бастауыш және орта кәсiптiк білім беру ұйымдарын басқару, оқыту және тәрбиелеу процестерiне ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды кеңiнен енгізу негiзiнде қайта құру. Бағдарламаның мақсаттарын орындау мынадай негiзгi мiндеттердi орындаумен қамтамасыз етіледi: 1) бастауыш және орта кәсiптiк білім беру ұйымдарын ақпараттық және телекоммуникациялық техникалармен қамтамасыз ету; 2) бастауыш және орта кәсiптiк білім берудi ақпараттандыру жөніндегі практикалық шаралар кешенiн анықтау және iс жүзiне асыру; 3) оқу-тәрбие процесiне жаңа ақпараттық технологияны енгізудi қамтамасыз ететiн ғылыми-зерттеу, оқу-әдiстемелiк жұмыстар жүргiзу; 4) бастауыш және орта кәсiптiк білім беру саласында жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияны қолдану және енгізу саласында мамандар даярлау және қайта даярлау; 5) ақпараттандыру процесiн бағдарламалық-техникалық құралдармен, компьютерлiк бағдарламамен, оқу-әдiстемелiк құралдармен, дидактикалық материалдармен, педагогикалық технологиялармен қамтамасыз ететiн тауарлар мен қызметтер индустриясын құру; 6) ақпараттандыру процесiнiң өзiн-өзi қамтамасыз ету және одан әрi өз бетiнше дамуының қаржылық-шаруашылық тетiктерiн жасау; 7) бастауыш және орта кәсiптiк білім берудi басқарудың ақпараттық жүйесiн құру; 8) бастауыш және орта кәсiптiк білім беру жүйесiн әлемдiк білім кеңiстiгiне шығаратын Internet ғаламдық желiсiне қосу. 4. Бағдарламаны iске асырудың негізгi бағыттары мен тетiгi Бағдарламаның негiзгi бағыттары: - жұмысшылар мен орта буын мамандарға жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияны қолдану саласында білiм берудi, iскерлiк және дағдыны қамтамасыз ету; - білім беру ақпараттарын жинақтау және оны Қазақстандағы бар телекоммуникациялық желiлерiне қосу негiзiнде бiрыңғай ақпараттық-білім беру кеңiстiгiн құру; - жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияны қолдану саласында оқытуды үйлестіру мен бақылауды жетiлдiру; - кәсіптік оқытуда ақпараттандыруды ықпалдастыру. Бағдарлама 2002-2005 жылдары жүзеге асыруға есептелген. Ол бастауыш және орта кәсiптiк білім берудің барлық ұйымын қамтиды. 2002-2005 жылдары кәсiптiк мектептерге (лицейлерге) және колледждерге оқу-есептеу техникасының мультимедиялық сыныптары қойылады (1-модуль). Модульдiк қағидат бойынша ақпараттандырудың бағдарламалық-техникалық құралдары: 1-модуль - оқушылардың компьютерлiк техникаларды және ақпараттық технологияларды игеруiне, мамандықтар бойынша компьютерлiк бағдарламаны модельдеуші және оқытушы электронды оқулықтар көмегiмен пәндердi оқуына арналған мультимедиалық сынып; Модульдiң кескiнi М-1 модулi Оқу-есептеу мультимедиялық сыныбы Планшеттiк Модем 10+1 мультимедиялық Оқшау желі жабдығы сканер компьютерлер Лазерлiк принтер Yздiксiз қоректендiру 10 желілік сүзгілер блогы Жүйелiк бағдарламалық Оқу бағдарламалық Құралды бағдарламалық қамтамасыз ету қамтамасыз ету қамтамасыз ету ИНТЕРНЕТ Әрбiр компьютерге бағдарламалар сатып алу шығыстарын, сондай-ақ оқулық мақсатындағы компьютерлiк бағдарламалар мен автоматты басқару бағдарламаларын жасау шығындарын ескере отырып, бағдарламалық қамтамасыз етудi модульге енгізу компьютерлiк бағдарламалардың лицензиялануымен байланысты. Жүйелiк бағдарламалық қамтамасыз етуге операциялық жүйелер мен орталар, жүйелер және бағдарламалау тiлдерi, компьютераралық байланыстардың бағдарламалық құралдары, есептеу және ақпараттандыру орталары, ақпаратты қорғау құралдары енедi. Құралдық жабдықтарға мәтiндiк графикалық редакторлар, дерекқорларды басқару жүйелерi, электронды кестелер процессорлары, объектiлердi, процесстердi, жүйелердi модельдеу құралдары енедi. Оқу құралдары - оқулық мақсатындағы мультимедиялық бағдарламалық құралдар: электронды оқулықтар, сөздiктер, көрсетушi, оқытушы, бақылаушы бағдарламалар. Бастауыш және орта кәсiптiк білім берудi ақпараттандыру процесi ғылыми зерттеулердi дамыту мен білім берудi ақпараттандыру инфрақұрылымын жасау және оқу орындарын техникамен жабдықтау мен оқуға арналған арнайы бағдарламалық, ақпараттық қамтамасыз етумен, педагог мамандарды даярлау және қайта даярлаумен, бiрқатар ұйымдастыру iс-шараларын жүргiзумен, нормативтiк-құқықтық база жасаумен байланысты. Бастауыш және орта кәсiптiк білім берудi ақпараттандыру инфрақұрылымын Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының Кәсiптiк білім институты, облыстық білiм департаменттерi (басқармалары), тiрек колледждерi, тiрек кәсiптiк мектептерi мен лицейлерi құрайды. Бағдарламаның негiзiн шығармашылық ұжымдар таңдап, тiрек кәсiптiк білім беру ұйымдарында өткiзетiн теориялық және эксперименттiк жұмыстар құрайды. Шығармашылық ұжымдар құрамына Бағдарламаны iске асыруға қатысатын ақпараттану саласының мамандары, педагог-зерттеушiлер, білімнiң әртүрлi саласындағы ғалымдар және мамандар, тiрек ұйымдарының қызметкерлерi кiредi. Шығармашылық ұжым мүшелерi эксперимент жүргiзуге қажеттi барлық оқу-әдiстемелiк материалдарды жасайды, тiрек білім беру ұйымдары қызметкерлерiн даярлайды және қайта даярлайды, эксперименттi жүзеге асыруға қатысады және алынған нәтижелердiң iшкi бағасын бередi. Ақпараттандыру процесiн iске асырудың және дамытудың ұйымдық-құқықтық тетiгi жасалады және соның негiзiнде осы процестерге iлесiп жүретiн құқықтық, ұйымдық-әдiстемелiк құжаттар жүйесi жасалады. Кәсiптiк білім берудiң тiрек ұйымдарында жинақталған тәжiрибе сарапшылардың бағасынан кейiн кезең-кезеңмен бастауыш және орта кәсiптiк білім берудiң басқа субъектiлерiне беріледi. Бағдарламаға Білiм және ғылым министрлігі жалпы басшылық жасайды. 5. Қажеттi ресурстар мен оларды қаржыландыру көздерi Бағдарламаның қаражат құрылымы шығындарының 1-модульді техникалық және бағдарламалық қамтамасыз ету құнынан тұрады. Бағдарламаны орындаудың қаржы көзi: 1) мемлекеттік білім беру мекемелерi бойынша - жергiлiкті бюджет қаражаты. Шығыстарды тиiстi қаржы жылына жергiлiктi бюджеттi қалыптастыру кезiнде жергiлiктi органдар бюджеттiң нақты мүмкіндiгiн негізге ала отырып, анықтайды; 2) мемлекеттік білім беру кәсiпорындары бойынша - кадрлар даярлауға берiлген мемлекеттік тапсырысты орындаудан алынған қаражатты қоса алғанда, өз қызметiнен түскен өз кiрiстерi. Модульдiң құнын бағалау, оның жалпы құны мен 286 кәсiптiк мектептi (лицейдi) және колледждi осы модульмен жарақтау шығыны, Интернет жүйесiне бiржолғы қосылу құны, бiр арна тәулiк бойынша 10 сағат жұмыс iстеген жағдайда (25 жұмыс тәулiгi) Интернет қызметiн пайдаланғаны үшiн ай сайынғы төлем ақысы кестеде берiлген. Бағдарламаны iске асырудың қаржылық құнын бағалау --------------------------------------------------------------------------- Модульдің атауы ! Кескіні ! Құны 1-модуль ! ! теңгемен --------------------------------------------------------------------------- - оқшау желiдегi 10 оқушы орны 1 49100 х 10 = Оқу-есептеу (мультимедия компьютерi) 1 491 000 техникасының - 1 мұғалім орны (мультимедия 213 000 мультимедиялық компьютері) сыныбы - сканер 75 000 - лазерлік принтер 75 000 - модем 28 400 - 10 желілік сүзгі 28 375 - 1 үздіксіз қоректендіру блогы 30 000 - жүйелi бағдарламалық қамтамасыз ету 213 000 - құралды бағдарламалық қамтамасыз ету 71 000 - оқу бағдарламалық қамтамасыз ету 142 000 Жиыны: 2 338 400 --------------------------------------------------------------------------- Модуль 1-дiң құны екi миллион үш жүз отыз сегiз мың төрт жүз теңге. 206 кәсiптiк мектеп пен лицейдi жарақтау құны: 206 х 2 338 400 = 481 710 400 (төрт жүз сексен бiр миллион жетi жүз он мың төрт жүз) теңге; 80 колледждi жарақтау құны: 80 х 2 338 400 = 187 072 000 (бір жүз сексен жетi миллион жетпiс екi мың) теңге. 206 кәсiптiк мектеп пен лицейдi Интернет жүйесiне бiржолғы қосу құны: 206 х 51600 = 10629600 (он миллион алты жүз жиырма тоғыз мың алты жүз) теңге. 80 колледждi Интернет жүйесiне бiржолғы қосу құны: 80 х 51600 = 4128000 (төрт миллион бiр жүз жиырма сегiз мың) теңге. 206 кәсiптiк мектеп пен лицейдi бiр арна тәулiк бойынша 10 сағат жұмыс iстеген жағдайда (25 жұмыс тәулiгi) Интернет қызметiн пайдаланғаны үшiн ай сайынғы төлем ақысы: 206 х 44100 = 9084600 (тоғыз миллион сексен төрт мың алты жүз) теңге. 80 колледждi бiр арна тәулiк бойынша 10 сағат жұмыс iстеген жағдайда (25 жұмыс тәулiгi) Интернет қызметiн пайдаланғаны үшiн ай сайынғы төлем ақысы: 80 х 44100 = 3528000 (үш миллион бес жүз жиырма сегiз мың) теңге. Сөйтiп, қаржыландыру көлемi - 696 152 600 (алты жүз тоқсан алты миллион бiр жүз елу екi мың алты жүз) теңгенi құрайды. Бағдарламаны оқу-бағдарламалық-әдiстемелiк қамтамасыз ету мамандардың кәсіби қызметінде жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияның қолданылуы бойынша оқытудың мазмұнын анықтау мен дайындау үшiн ғылыми-зерттеу, оқу-әдiстемелiк жұмыстар жүргiзу арқылы жүзеге асырылады. Бұл жұмыстарды қаржыландыру 1-модульдi құралдық, оқу-бағдарламалық қамтамасыз етуге көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылады және ғылыми-зерттеу ұжымдары мен бастауыш және орта кәсiптiк білім беру ұйымдарының арасында тендерлiк негізде жүргiзiледi. 6. Бағдарламаны іске асырудан күтiлетiн нәтижелер Бастауыш және орта кәсiптiк білім беру субъектілерін қазіргі заманғы компьютерлiк және телекоммуникациялық техникалармен жарақтандыру. Кәсiптiк мектептердi (лицейлердi) және колледждердi бiтiруші мамандардың қазiргi деңгейдегi білімге жетуi, компьютерлiк және телекоммуникациялық техникамен, ақпараттық технологиямен жұмыс істей алу дағдыларын меңгеруі. Еңбек рыногының талаптарына сәйкес оқытудың ақпараттық технологиясын қолдану есебінен мамандарды дайындаудың сапасын арттыру. Бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйесінде ақпараттық бағыттағы қызметтер және тауарлар индустриясын құру. Бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйесінде ақпараттандыру процесін одан әрі жетілдіруге негіз қалау. 7. Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары --------------------------------------------------------------------------- N ! Шаралар атауы ! Жауапты ! Іске асыру ! Орындалу ! ! орындаушылар ! нысаны ! мерзімі --------------------------------------------------------------------------- 1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 --------------------------------------------------------------------------- 1. Ұйымдастыру-техникалық шаралар 1.1 Бағдарламаны iске асыру Бiлiм және ғылым Министрдің 2002 жылғы жөніндегі Ғылыми- министрлігі бұйрығы қаңтар әдістемелік үйлестіру кеңесiн (ҒӘYК) құру 1.2 Бағдарламаны қаржыландыру Білім және ғылым Қазақстан 2001-2005 министрлігі, Республикасы жылдар облыстар, Астана Үкіметіне наурыз және Алматы хабарлама қалаларының әкiмдерi 1.3 Бастауыш және орта Бiлiм және ғылым -//- 2002-2005 кәсiптiк білім беретiн министрлігі жылдар оқу орындарын қаңтар компьютерлiк техникалармен уақтылы қамтамасыз етуге жан- жақты көмек көрсету 1.4 Бастауыш және орта -//- -//- 2002-2005 кәсiптiк білім беретiн жылдар оқу орындарын желтоқсан компьютерлiк, телекоммуникациялық техникалармен қамтамасыз ету: 1-Модуль 1.5 Бастауыш және орта Бiлiм және ғылым -//- 2002 жылғы кәсiптiк білiм беретiн министрлігі, қыркүйек оқу орындарында Көлiк және Интернет жүйесiне қосу коммуникациялар кестесiн белгiлеу министрлігі 1.6 Кәсіптік білімді Білім және ғылым -//- 2002 жылғы ақпараттандыру аймақтық министрлігі қыркүйек орталықтарын ұйымдастыру 1.7 Аймақтық бағдарламаларды Білім және ғылым Қазақстан 2002 жылғы әзірлеу министрлігі, Республикасы желтоқсан облыстар, Астана Үкіметіне және Алматы хабарлама қалаларының әкімдері 1.8 Информатика және есептеу Білім және ғылым Министрдің 2002-2005 техникалары оқытушылар. министрлігі бұйрығы жылдар ының білiктілiгiн желтоқсан арттыруды ұйымдастыру 1.9 Бағдарламаның iске асуын -//- Қазақстан 2002-2005 бақылау Республикасы жылдар Үкіметіне желтоқсан хабарлама 2. Ғылыми-әдiстемелік қамтамасыз ету 2.1 Аймақтық бағдарламаларды Білім және ғылым Министрдің 2002 жылғы келiсу және Бағдарламаны министрлігі, бұйрығы ақпан iске асыру жөніндегі облыстар, Астана шаралар жөнiнде және Алматы ұйымдастыру-әдiстемелiк қалаларының кеңес өткізу әкімдері 2.2 Бағдарламаны iске асыру Білім және ғылым -//- 2003 жылғы жөнiнде республикалық министрлігі желтоқсан ғылыми-практикалық конференция өткізу 2.3 Бiлiм беру бағдары мен -//- -//- 2002 жылғы білім деңгейi бойынша желтоқсан оқытуға арналған мультимедиялық бағдарламаларды әзiрлеу 2.4 Оқыту бағдарламалары -//- -//- 2002 жылғы бойынша бейне-қосымшалар желтоқсан дайындау ---------------------------------------------------------------------------
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |