|
|
|
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 қазандағы ҚР Үкіметінің 2006.17.04. № 289 Қаулысымен күші жойылды
Уран концентратын өндіруді және қайта өңдеуді жүзеге асыратын «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» жабық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» ЖАҚ) филиалдарындағы өндірістерді кәсіби кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасының әскерге шақыру жасындағы, бірақ әскери қызметке шақырудан кейінге қалдырылатын санаттағы азаматтарының тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 қазандағы № 1011 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 41, 480-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мерзімдік әскери қызметке шақырудан кейінге қалдырылатын санаттағы азаматтарының тізбесі мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын: "10. "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" жабық акционерлік қоғамының филиалдарында жұмыс істейтін әскерге шақырылатындар - оларда: аппаратшы (барлық атаудағы); оператор (барлық атаудағы); машинист (барлық атаудағы); бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика бойынша слесарь; слесарь-жөндеуші; каротажды станциялар моторшысы; геофизикалық аппаратура реттеушісі; электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр монтері; жабдық жөндеу жөніндегі электр слесары; электргаз дәнекерлеушісі; механик; электр механигі; технолог; геотехнолог; инженер-механик; инженер-геолог; инженер-гидрогеолог; инженер-геофизик мамандығы бойынша жұмыс істейтін кезеңге". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |