ақпандағы № 54 бұйрығымен ҚР Кедендік бақылау агенттігінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 288 бұйрығымен күші жойылды Жүк кеден декларациясын, құжаттар мен кеден 1. Осы Жүк кеден декларациясын, құжаттар мен кеден мақсаттары үшiн қажет қосымша мәлiметтердi ұсыну, қабылдау мен тексеру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - Кеден iсi туралы заң) сәйкес әзiрленген және таңдап алынған кеден режимдерiнде жүк кеден декларациясын, құжаттар мен кеден мақсаттары үшiн қажет қосымша мәлiметтердi ұсынудың, қабылдау мен тексерудiң тәртібін анықтайды. 2. Осы Ереже жүк кеден декларациясын қолдана отырып, сонымен қатар уақытша, мерзiмдi, жартылай және алдын ала мәлiмдеудiң рәсiмдерiн пайдалана отырып, сондай-ақ жедел жеткiзiлiмдердi кедендiк ресiмдеген кезде тауарларды мәлiмдеудiң барлық жағдайында қолданылады. 3. Жүк кеден декларациясын декларант Қазақстан Республикасының кеден заңдарымен белгіленген мерзiмде негiзгi кедендiк ресiмдеу жүргiзiлетiн Қазақстан Республикасының кеден органына бередi. Негiзгi кедендiк ресiмдеу деген ұғым тауарларды белгiлi бiр кеден режимiне орналастырып, осы режимдi Қазақстан Республикасының кеден заңдарының талаптары мен ережелерiне сәйкес аяқтауды білдiредi. 4. Жүк кеден декларациясын ұсынған кезде тауарлар, тауарларды түтiктi құбыр көлiгi мен электр желісі бойынша тасымалдағанда, тауарларды мерзiмдi мәлiмдегенде, толық емес мерзiмдi мәлiмдегенде, алдын ала мәлiмдегенде және тауарлардың кеден бақылауында тұру шартымен оларды кеден органына ұсынғаннан кейiн, тауарларға бiр тәулiктiң iшiнде кедендiк ресiмдеудi жүргiзудi аяқтаған кездегi жағдайларды қоспағанда, тауарлар уақытша сақтау орындарында тұруы тиiс. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|