ақпандағы № 54 бұйрығымен ҚР Кедендік бақылау агенттігінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 288 бұйрығымен күші жойылды Кедендік ресімдеуді жүргізудің орны мен уақыты туралы нұсқаулық 1. Осы Кедендік ресімдеуді жүргізудің орны мен уақыты туралы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Кеден ісі туралы заң) 154-бабына сәйкес әзірленді және оның ішінде тауарлар мен көлік құралдарына кедендік ресімдеу жүргізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеудің орнын, кеден органдарының қызмет аймағын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы кеден органының жұмыс уақытын анықтайды. 2. Кеден органдарының қызмет аймағын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті белгілейді және жариялануға жатады. 3. Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдеріне сәйкес айқындалатын кеден органының жұмыс уақытында жүзеге асырылады. қазақстан Республикасы кеден органдарының жұмыс уақыты туралы хабарлау кеден органдары орналасқан орындардағы маңдайша жазуларда және стендтерде орналастыру жолымен жүзеге асырылады. 4. Тауарлар мен көлік құралдарын сақтау, тауарлармен және көлік құралдарымен жүк және өзге де операциялар, кедендік ресімдеу мақсаттары үшін сынамалар мен үлгілер алу, тауарлар мен көлік құралдарын тексеру тауарлар мен көлік құралдарына кедендік ресімдеуді жүзеге асыратын кеден органының қызмет аймағында орналасқан олардың уақытша сақтау орнында жүзеге асырылады. Тауарлармен көлік құралдарын кедендік ресімдеу осы тармақта көрсетілген уақытша сақтау орнында олардың үй-жайынсыз аяқталған жағдайда, тауарлардың орналастырылған орнында жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|