ақпандағы № 54 бұйрығымен ҚР Кедендік бақылау агенттігінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 288 бұйрығымен күші жойылды "Жасыл және қызыл дәліздер" жүйесін пайдалана отырып 1. "Жасыл және қызыл дәлiздер" жүйесiн пайдалана отырып жеке тұлғалар өткiзетiн тауарларды кедендік ресімдеу және кедендiк бақылау жөніндегі осы ережелер (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы Кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi - Кеден iсi туралы заң) 193, 203 және 210-баптарына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасындағы халықаралық өткізу бекеттерi арқылы жеке тұлғалар өткiзетiн тауарларға кедендiк бақылау жүргiзудiң нысаны мен тәртібін анықтайды. 2. Халықаралық өткізу бекетiнде "жасыл және қызыл дәлiздер" жүйесiн пайдалану туралы шешiмдi Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Кеден комитетi (бұдан әрi - Кеден комитетi) қабылдайды. 3. "Жасыл және қызыл дәлiздер" жүйесiн пайдалану бойынша Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан өтетiн жеке тұлға мәлiмдеу нысанын және өзi өткiзетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу және кедендiк бақылау үшiн оған сәйкес дәлiздi дербес таңдайды. 4. Мәлiмдеудiң және кәмелетке толмағандар өткiзетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу және кедендiк бақылау үшiн оған сәйкес келетiн дәлiздiң нысанын таңдауды алып жүретiн адам жүргiзедi. 5. Кәмелетке толмағандар өткiзетiн тауарлар туралы мәлiметтер алып жүретiн адамның жолаушылық кедендiк жүк декларациясында мәлiмделедi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|