|
|
|
Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарының ресми ақпаратты беру және жариялау ережесін бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1460 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 2000 жылғы 8 желтоқсандағы төртінші отырысының хаттамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарының ресми ақпаратты беру және жариялау ережесі бекітілсін. 2. Орталық мемлекеттік органдардың басшылары «Ресми газетте» және «Официальная газетада» жариялау үшін ресми ақпараттың уақытылы берілуін қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Үкіметінiң 2001 жылғы 12 маусымдағы № 811 қаулысымен бекітілген
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» , «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Заңдарына сәйкес әзiрленген. 2. Ереже орталық мемлекеттік органдардың қызметi туралы инвесторлар мен iскерлiк орта өкiлдерiне кең ауқымды ақпарат беруге, Қазақстан Республикасының жағымды инвесторлық бейнесiн қалыптастыруға бағытталған. 3. Ресми ақпарат жариялау арқылы мемлекет өз қызметiмен жеке және заңды тұлғаларды таныстыру жөніндегі өзiнiң мемлекеттік өкiлеттiктен ажыратылмайтын және тiкелей мiндеттерiн iске асырады. 4. Осы Ереже басқа бұқаралық ақпарат құралдарының, өзге де жеке және заңды тұлғалардың заңнамада белгiленген тәртiппен ресми ақпарат алу құқықтарын кемсiтпейді. 5. Осы Ережеге сәйкес орталық мемлекеттік органдар мынадай ресми ақпарат түрлерiн ұсына алады: мемлекеттік органның қызметi туралы ресми жаңалықтар (баспасөз- релиздерi); мемлекеттік органдар қызметi туралы алда болатын оқиғалардың ресми күнтiзбесi; ресми сапарлар туралы ақпараттық хабарлар; жоғарыда көрсетiлген құжаттарға түзетулер, өзгерістер және толықтырулар; әзiрленетiн, қабылданатын нормативтiк құқықтық кесiмдер туралы ақпараттық хабарлар; тендерлер және конкурстар жариялау (мемлекеттік сатып алу туралы, сауда-саттық туралы) туралы хабарламалар; нормативтiк құқықтық кесiмдер; ресми сипаттағы орталық мемлекеттік органдардың қызметi туралы басқа да ақпараттық хабарлар. 6. Ресми хабарламалар «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес ұсынылады және жарияланады. Нормативтiк құқықтық кесiмдер «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ресми жарияланады. 7. Уәкiлеттi мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар, олардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен, сондай-ақ осы органдар мен лауазымды тұлғалардың мәртебесiн анықтайтын, қолданыстағы заңнамада белгiленген құзыретіне сәйкес жариялау үшiн ресми ақпараттарды ұсынуға мiндеттi. 8. Сол немесе өзге ақпаратты жариялаудың орындылығы немесе қажеттілігi, оның көлемi мен форматы туралы шешiмдi орталық мемлекеттік органдардың басшылары қабылдайды. 9. Орталық мемлекеттік органдардың ресми ақпарат беруi: Қазақстанның бiртұтас ақпараттық кеңiстiгiнiң толассыз жұмыс iстеуiне, оның әлемдiк байланыс және информатика жүйесiне енуiне; ақпаратты, оның iшiнде мемлекеттік ресурстарды қорғаудың ұлттық жүйесiн нығайтуға; жеке және заңды тұлғалардың өзара жауапкершiлiгi мен мүдделерi теңгерiмiнiң сақталуына; мемлекеттік құпиялар мен өзге де заңмен қорғалатын құпия саласында заңнамада көзделген шектеулер сақталған кезде қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеруге; мемлекеттік билiктiң беделiн қолдауға және Қазақстан Республикасының беделiн түсiруге ықпал ететiн және мемлекеттік қызметтiң мүдделерiне қайшы келетiн іс-әрекеттерге, оның ішiнде сыбайлас жемқорлықтың көрiнiстерiне жол бермеуге; мемлекеттік органдарда болып жатқан оқиғалар туралы инвесторларды хабардар етуге жәрдемдесуi тиiс. 10. Орталық мемлекеттік органдар тек мемлекеттік құпиялары және заңмен қорғалатын өзге де құпиясы жоқ ресми ақпаратты ғана беруге мiндеттi. 11. «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабына сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдерге түсiнiктемелер мен түсiндiрмелердi ресми жариялау тек түсіндiрмелер мен түсiнiктеменi берген мемлекеттік органның шешiмi бойынша ғана жүзеге асырылады. 12. Ресми хабарламаларда жеке немесе заңды тұлғаларды тiкелей немесе жанама жарнамалауға жол берiлмейдi. 13. Ресми ақпарат берудi немесе оның жоқтығы туралы хабарлауды мемлекеттік органдар кемiнде аптасына бiр рет жүзеге асыруға тиіс. 14. Мемлекеттік органдар жариялау үшiн беретiн ресми ақпарат мемлекеттік және орыс тiлдерiнде жазбаша түрде жазылуы және оған орталық мемлекеттік органның бiрiншi басшысы немесе оның орнындағы адам қол қоюы тиiс. 15. Жеке-дара өкiмдiк қызметтi жүзеге асыратын лауазымды адам ресми ақпараттың растығына және уақытында берiлyiне жауап береді. 16. Ресми ақпарат беруден бас тартуға заңнамада белгiленген тәртiппен шағым берiлуi мүмкiн. 17. Ресми ақпаратты жариялау құқығы бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін реттеу өкілеттігіне жататын мемлекеттік орган өткізетін тендердің нәтижесіне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша бұқаралық ақпарат құралына (бұдан әрі - Баспагер) беріледі. орталық мемлекеттік орган белгiленген тәртiппен берген бүкiл ресми ақпаратты орынды мерзiмде мiндеттi түрде жариялау; орталық мемлекеттік органдардың ресми ақпараты мен жарнаманы қоспағанда, осы басылымда кез келген өзге де редакциялық материалдардың болмауы мiндеттi шарттар болып табылады. 19. Ресми хабарламаның мәтiнін жариялау корректорлық және редакторлық түзету мен қысқартусыз жасалуға тиiс. Баспагердiң қандай да бiр түсiнiктеме жасауына жол берiлмейдi. 20. Орталық мемлекеттік органның бүкiл ресми ақпаратын жариялау республикалық бюджет қаражатын тартусыз жүзеге асырылады. 21. Баспагер өз қаражаты есебiнен және мәтiн аудармасының ресми еместiгiне міндеттi түрде сiлтеме жасай отырып, орталық мемлекеттік органдардан алынған ақпаратты кез келген шет тілінде жариялауға құқылы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |