|
|
|
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 қазандағы ҚР Үкіметінің 2006.17.04. № 289 Қаулысымен күші жойылды
Репатрианттардың (оралмандардың) бейімделуі үшін жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасының мерзімді әскери қызметке шақырудан кейінге қалдырылатын әскерге шақыру жасындағы азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 қазандағы № 1011 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 41, 480-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мерзімді әскери қызметке шақырылуын кейінге қалдыруға рұқсат берілген шақырылатын жастағы азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесі: мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын: "11. Репатрианттар (оралмандар) арасынан Қазақстан Республикасының шақырылу жасындағы азаматтары Қазақстан Республикасының аумағына келгеннен кейін үш жыл бойы.". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |