|
|
|
Келісім-шарт бойынша әскери қызмет мәселелерi жөніндегi мемлекеттік ҚР Үкіметінің 13.05.04 ж. № 530 қаулысымен күші жойылды "Келісім-шарт бойынша әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 20 наурыздағы Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Келісім-шарт бойынша әскери қызмет мәселелерi жөніндегі мемлекеттік ведомствоаралық комиссия құрылсын. 2. Қоса берiлiп отырған: 1) Келісім-шарт бойынша әскери қызмет мәселелерi жөніндегі мемлекеттік ведомствоаралық комиссияның құрамы; 2) Келісім-шарт бойынша әскери қызмет мәселелерi жөніндегі мемлекеттік ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсiн. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 18 шілдедегі № 974 қаулысымен бекітілген Келісім-шарт бойынша әскери қызмет мәселелерi жөніндегі мемлекеттік ведомствоаралық комиссияның құрамы Тоқпақбаев - Қазақстан Республикасының Сәт Бесiмбайұлы Қорғаныс министрi, төраға Шаймергенов - Қазақстан Республикасы Болат Шоқайұлы Республикалық ұланының кадр және жасақтау бөлiмiнiң бастығы, хатшы (келісім бойынша) Комиссия мүшелерi: Васимов - Қазақстан Республикасының Анатолий Шьяпович Азаматтық қорғаныс және әскери бөлiмдер департаментiнiң бастығы - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігi төрағасының әскери мәселелер жөніндегі орынбасары Бекмұханбетов - Қазақстан Республикасының Нұрлан Нұратайұлы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Кадр департаментiнiң бастығы (келісім бойынша) Әбдiрахманов - Қазақстан Республикасының Есiркеп Оңланбекұлы Экономика және сауда министрлігі Салааралық үйлестiру департаментінің директоры Әмрин - Қазақстан Республикасының Асқар Кемеңгерұлы Әділет министрлігі Заң департаментінің директоры Жұмадiлов - Бас әскери прокурордың Асылбек Әнтәйұлы орынбасары Тоқышев - Қазақстан Республикасы, Iшкi Қалиәкпар Жұбанышұлы iстер министрлігі Iшкi әскерлерi қолбасшысының тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыс жөнiндегі орынбасары Баймаханов - Қазақстан Республикасы Бексұлтан Кәденұлы Президентінің Күзет қызметi Кадр басқармасының бастығы (келісім бойынша) Ғабдуллин - Қазақстан Республикасының Берiк Iсләмұлы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiн жасақтау басқармасы бастығының орынбасары - ұйымдық-штаттық бөлiмінің бастығы (келісім бойынша) Абдолов - Қазақстан Республикасының Айдарбек Мүстәжәпұлы Қаржы министрлігі Мемлекеттік органдарды қаржыландыру департаментi Қорғаныс кешенi мен құқық қорғау органдары басқармасы бастығының орынбасары Сейдуәлиев Нұрмұхан Әбiлқанұлы - Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы Заң қызметiнiң бастығы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 18 шілдедегі № 974 қаулысымен бекітілген Келісім-шарт бойынша әскери қызмет мәселелерi жөніндегі мемлекеттік ведомствоаралық комиссия туралы ереже Жалпы ережелер 1. Келісім-шарт бойынша әскери қызмет мәселелерi жөніндегі мемлекеттік ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) келісім-шарт бойынша әскери қызмет мәселелерi жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметiн үйлестiру және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарын жасақтауға байланысты проблемаларды зерделеу мақсатында, сондай-ақ жасақтаудың ерiктiлiк қағидатын дамытудың ұзақ мерзiмдi бағдарламалары бойынша ұсынымдар әзiрлеу үшiн құрылды. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасы Президентінің кесiмдерi мен Үкіметінiң шешiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. Комиссияның мiндеттерi 2. Комиссияның мiндеттерi мыналар бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзiрлеу болып табылады: 1) ерiктi түрде әскери қызмет өткеретiн азаматтардың көңiл-күйiн зерделеу; 2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының ішкi өзгерiстерiне әскери құрылымдардың бейiмделуге әзiрлiгiн болжау (әлеуметтiк мәселелердi, нарықтың реформаларға әсер етуiнiң кейбір мәнiстерiн); 3) жоғары білімдi азаматтарды келісім-шарт бойынша әскери қызметте сарбаздар мен сержанттар лауазымдарында пайдалану және осыған байланысты азаматтық жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралар институтының қажеттiгi туралы мәселенi әзірлеу жөніндегі мүмкiндiктердi қарау; 4) Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтаудың келісім-шарттық жүйесiне көшуге кедергi келтiретiн мән-жайларды зерделеу және оларды еңсеру; 5) келісім-шарт бойынша әскери қызметтi қалыптастырумен және дамытумен байланысты қаржылық және басқа да материалдық шығыстарды бағдарламауды зерттеу; 6) Қарулы Күштердегi және басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы қазiргi келісім-шарттық қызметтiң жүйесін жетiлдiру; 7)келісім-шарт қызметi құрылымдарының модельдерiн және олардың мемлекеттiң әлеуметтiк құрылымдарындағы қажеттiлiгiн, сондай-ақ тиiстi ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметi мен Парламентiнiң қарауына енгізудi негiздеу; 8) келісім-шарт бойынша әскери қызметшiлердiң құқықтық мәртебесіндегі нормалар мен ауытқулардың Қарулы Күштердiң жалпы жай-күйiне әсерiн зерттеу. Комиссияның құқықтары 3. Комиссия заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне келісім-шарт бойынша әскери қызметтi жетiлдiру мен дамыту мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгізуге; 2) қажет болған жағдайда азаматтарды әскери қызметке келісім-шарт бойынша ерiктi түрде қабылдау мәселелерi жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мен енгізу үшiн мүдделi мемлекеттік органдардың мамандарын тарта отырып, жекелеген мәселелер бойынша жұмыс топтарын құру туралы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi алдында өтiнiш жасауға; 3) Комиссия құзыретiне кiретiн мәселелердi шешу үшiн ғылыми-зерттеу ұйымдарының, жоғары оқу орындарының ғалымдары мен мамандарын, сондай-ақ Комиссия құрамына кiрмейтiн мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкiлдерiн тартуға; 4) Комиссия құзыретiне жататын мәселелер бойынша белгiленген тәртiппен заңды тұлғалардан қажеттi ақпараттар сұратуға; 5) Комиссияның қарауындағы мәселелер бойынша Комиссия мүшелерiнiң мәжілістерiнде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың жауапты өкiлдерiн тыңдауға; 6) Қазақстан Республикасының Үкіметіне белгiленген тәртiппен Комиссия құрамын өзгерту туралы ұсыныстар енгізуге құқылы. Комиссия қызметін ұйымдастыру 4. Комиссияны төраға басқарады. Комиссия мәжілісiнiң күн тәртібі жөніндегі ұсыныстарды, қажеттi құжаттарды, материалдар дайындауды және оны өткiзгеннен кейiн хаттаманы ресiмдеудi Комиссия хатшысы жүзеге асырады. Комиссия мәжілісi қажеттiлiгiне қарай, бiрақ кемiнде тоқсанына бiр рет жүргiзiледi. Мәжілістiң күн тәртібін, сондай-ақ оларды өткізу орны мен уақытын Комиссия мүшелерiнiң келісімi бойынша Комиссия төрағасы айқындайды және нақтылайды. Комиссия шешiмдерi ашық дауыс берумен қабылданады және егер оларға Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi берiлсе, ол қабылданды деп саналады. Дауыс тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады. Комиссия шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады. Комиссияның қызметiн тоқтату 5. Комиссияның қызметiн тоқтату заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |