|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 22 тамыздағы № 851 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) "Азаматтар мен заңды ұйымдарға жер учаскесiне меншiк құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын беретiн актiлердi беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 8 сәуірдегі № 402 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 15, 125-құжат): кiрiспедегi "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 22 желтоқсандағы № 2717 Заң күшi бар Жарлығына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын; мәтіндегі "Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетiне", "Қазақстан Республикасы Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң", "Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетi" деген сөздер тиiсiнше "Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға", "жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның", "Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтың бiрiншi абзацындағы "әзiрлеу және" деген сөздер алынып тасталсын; 4-тармақ алынып тасталсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Жер учаскесiне меншiк құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын беретiн акт нысанындағы және оған қосымшалардағы "Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі комитетiнiң", "Аудандық жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі комитет" деген сөздер "Жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органның" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Жер учаскесiне меншiк құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын беретiн актiнiң сипаттамасында: 3-тармақтағы: жетiншi абзацтағы "жер учаскесiнiң жоспары" деген сөздерден кейiн "жер учаскесiнiң кадастрлық нөмiрi көрсетiлетiн" деген сөздермен толықтырылсын; сегiзiншi абзацтағы "жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі тиiстi орган" деген сөздер "жер ресурстарын басқару жөніндегі орган" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Жер учаскесiне меншiк құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын беретiн актiлердi жазу кiтабының нысанындағы "жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі аумақтық органның" деген сөздер "жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органның" деген сөздермен ауыстырылсын. 2) "Уақытша жер пайдалану туралы үлгiлiк шарттардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 6 желтоқсандағы № 1495 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 50, 487-құжат): кiрiспедегi "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 22 желтоқсандағы № 2717 Заң күшi бар Жарлығына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Жер учаскесiн жалға беру туралы және уақытша жер пайдалану туралы үлгiлiк шарттарға 1 және 2-қосымшаларда "аудандық (қалалық) жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі комитеттiң" деген сөздер "жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органның" деген сөздермен ауыстырылсын; 3) "Жердi пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы Ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 19 ақпандағы № 235 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 9, 61-құжат): кiрiспедегi "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 22 желтоқсандағы № 2717 Заң күшi бар Жарлығына" (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 24, 159-құжат) деген сөздер "Жер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Жердi пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы ережеде: 3-тармақтағы "жер ресурстарын басқару табиғат қорғау жөніндегі атқарушы органдар" деген сөздер "жер ресурстарын басқару, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкiлеттi органдар" деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі, Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөніндегі комитетi" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгi, Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Су ресурстары жөніндегі комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақтың екiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетi" деген сөздер "Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын; 7-тармақтың бiрiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң төрағасы" деген сөздер "Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның басшысы" деген сөздермен ауыстырылсын, "Төрағаның орынбасарлары" деген сөздер "оның орынбасарлары" деген сөздермен ауыстырылсын; 7-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдардың басшылары тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жердi пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары, ал олардың орынбасарлары - тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жердi пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспектордың орынбасарлары болып табылады"; 7-тармақтың төртiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдардың басшыларын - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жердi пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторларын қызметке Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның басшысы - Қазақстан Республикасының жердi пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы тағайындайды"; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "8. Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның, сондай-ақ оның мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жүктелген аумақтық органдарының лауазымды тұлғалары мен мамандары жердi пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар болып табылады"; 9-тармақтағы бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның, Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөніндегi агенттiгiнiң, Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігінiң, Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетiнiң органдары:"; 10-тармақтың бiрiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитеті мен оның органдары" деген сөздер "Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары" деген сөздермен ауыстырылсын; 11-тармақтың бiрiншi абзацындағы "Экология және биоресурстар министрлігі" деген сөздер "Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын; 12-тармақтың бiрiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын; 13-тармақтың бiрiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын; 14-тармақтың үшiншi абзацы алынып тасталсын; 15-тармақтағы бiрiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөніндегі комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Су ресурстары жөніндегі комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын; 16-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі функциялар жүктелген жергiлiктi атқарушы органдардың, жер ресурстарын басқару, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі атқарушы органдардың және басқа да уәкiлеттi органдардың лауазымды тұлғалары өз құзыретiнiң шегiнде:"; 22-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетi" деген сөздер "Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |