|
|
|
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 11 шілдедегі № 654 Жарлығын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының шаруашылық басқармасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны таратылсын. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (келісім бойынша) «Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының шаруашылық басқармасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын таратуды заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен таратылған Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының мүлкін және «Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының шаруашылық басқармасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының таратылғаннан кейін қалған мүлкін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жедел басқару құқығымен беруді қамтамасыз етсін. 2-1. А.М.Жолдасбеков Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының тарату комиссияларының және шаруашылық жүргiзу құқығындағы «Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының Шаруашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік кәсiпорнының төрағасы болып тағайындалсын. Тарату комиссиялары төрағасының еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясын ұстауға республикалық бюджетте көзделген қаражаттың есебiнен «Қызметкерлерiнiң орташа жалақысын есептеу тәртібі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы № 1942 қаулысына сәйкес есептелген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасына бұрын белгіленген орташа жалақы мөлшерінде жүзеге асырылсын. Ескерту. Жаңа 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.10.28. № 1369 қаулысымен. 3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) «Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектілерге қатысты мемлекеттік меншік түрлері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 қарашадағы № 1141 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 41, 371-құжат): көрсетілген қаулыға 3-қосымшада: реттік нөмірі 341-жолдағы «Бағалы қағаздар жөніндегі республикалық ұлттық комиссия» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздермен ауыстырылсын. 5. «Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының шаруашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 қарашадағы № 1788 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 52, 515-құжат). 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |