|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 9 шiлдедегi № 651
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды
"Бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңына және "Жергілiктi қаржы органдары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 6 шiлдедегi № 934 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 27 сәуірдегі № 3928 Жарлығын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 9 шiлдедегi № 651 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 22, 190-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1) көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік органдардың ақылы қызметтер көрсетуiнiң тәртібінде: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "2. Мемлекеттік органдар көрсететiн ақылы қызметтер бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу жөніндегі уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - монополияға қарсы органдар) жүргiзетiн Мемлекеттік органдар көрсететiн ақылы қызметтердiң мемлекеттік тiркелiмiне енгiзiлуге тиiс."; 3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "3) ұсынылатын қызметтердiң монополияға қарсы органдар бекiткен, тиiсiнше Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен және жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының қаржы органдарымен келісілген бағалары;"; 2) көрсетiлген қаулымен бекiтілген Мемлекеттік органдардың қызмет көрсетулерi үшiн ақы белгiлеу мен оның мөлшерiн айқындаудың тәртібінде: мәтіндегі "уәкілеттi органдарға", "уәкілеттi органдар", "уәкiлеттi органдардың", "уәкiлеттi органның" деген сөздер "монополияға қарсы органдарға", "монополияға қарсы органдар", "монополияға қарсы органдардың", "монополияға қарсы органның" деген сөздермен ауыстырылсын; 2 және 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "2. Мемлекеттік органдар көрсететiн қызметтер бағаларын бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу жөніндегі уәкiлеттi орган немесе оның тапсыруы бойынша, оның аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - монополияға қарсы органдар) бекiтедi және тиiсiнше, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен және жергіліктi бюджеттен қаржыландырылатын облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының қаржы органдарымен келісіледi. 3. Мемлекеттік органдар көрсететiн ақылы қызметтер монополияға қарсы органдар жүргізетiн, Мемлекеттік органдар көрсететiн ақылы қызметтердiң мемлекеттік тiркелiмiне енгiзiлуге тиiс."; 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "12. Ақылы қызметтер көрсету бағаларына енгiзілетiн еңбекке ақы төлеуге жұмсалатын шығыстарды есептеу кезiнде қызметкерлердiң нақты, бiрақ нормативтен аспауға тиiс саны ескерiледi. Мемлекеттік органдар көрсететiн қызметтерге қызметкерлердiң нормативтiк саны мен еңбек шығынының (уақыт, еңбек сыйымдылығы) нормативтерi, тиiсiнше, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен және жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдарымен келісіледi."; 3) көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік органдар қызмет көрсететiн ақылы қызметтердiң мемлекеттік тiркелiмiн жүргiзудiң тәртібінде: мәтіндегі "уәкілетті органдарға", "уәкілетті орган" деген сөздер "монополияға қарсы органдарға", "монополияға қарсы орган" деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "4. Тiркелiмдi бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу жөніндегі уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - монополияға қарсы органдар), тиiсiнше, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң және жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының қаржы органдарының келісімi бойынша қалыптастырады және бекiтедi."; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "6. Тiркелiм республикалық және жергiлiктi бөлiмдердi қамтиды. Тiркелiмнiң республикалық бөлiмi бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу жөніндегі уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен, Тiркелiмнiң жергiлiктi бөлiмдерi - оның аумақтық бөлiмшелерiнiң бұйрықтарымен бекiтіледi.". 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |