"Қазақстан Республикасының Белгілерді тіркеу үшін тауарлар мен Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасының Белгілерді тіркеу үшін тауарлар мен қызметтердің халықаралық жіктемесі туралы Ницца келісіміне қосылуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Жоба Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Белгілерді тіркеу үшін тауарлар мен қызметтердің халықаралық жіктемесі туралы Ницца келісіміне қосылуы туралы Ницца қаласында 1957 жылғы 15 маусымда қол қойылған Белгілерді тіркеу үшін тауарлар мен қызметтердің халықаралық жіктемесі туралы Ницца келісіміне Қазақстан Республикасы қосылсын. Қазақстан Республикасының Президенті БЕЛГIЛЕРДI ТIРКЕУ ҮШIН ТАУАРЛАР МЕН ҚЫЗМЕТТЕРДIҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖIКТЕМЕСI ТУРАЛЫ НИЦЦА КЕЛIСIМI 15 маусым 1957 жыл 1967 жылы 14 шiлдеде Стокгольмде және 1977 жылы 13 мамырда Женевада қайта қаралған және 1979 жылы 28 қыркүйекте өзгертiлген. 1-бап. Арнайы одақ құру; Халықаралық жiктеменi қабылдау; Халықаралық жiктеменi айқындау және оның тілі (1) Осы Келісім қолданылатын елдер Арнайы Одақ құрады және белгiлердi тiркеу үшiн тауарлар мен қызметтердiң бiркелкi жiктемесiн (бұдан әрi "Жiктеме" делiнедi) қабылдайды. (2) Жіктеменi құрайтындар: (і) қажет жағдайда түсiндiрмелерi қоса берiлетiн топтардың тiзбесi; (іі) әрбiр тауар мен қызметке қатысты тобы көрсетілген тауарлар мен қызметтердiң алфавиттiк (бұдан әрi "алфавиттiк тiзбе" делiнетiн) тiзбесi. (3) Жiктемеге енетiндер: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|