"Қазақстан Республикасының Халықаралық патенттік жіктеме туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасының Халықаралық патенттік жіктеме туралы" Страсбург келісіміне қосылуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Жоба Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Халықаралық патенттік жіктеме туралы Страсбург келісіміне қосылуы туралы Страсбург қаласында 1971 жылғы 24 наурызда қол қойылған Халықаралық патенттік жіктеме туралы Страсбург келісіміне Қазақстан Республикасы қосылсын. Қазақстан Республикасының Президенті ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПАТЕНТТIК ЖIКТЕМЕ ТУРАЛЫ СТРАСБУРГ КЕЛIСIМI 1971 жылғы 24 наурыз Уағдаласушы Тараптар: патенттердiң, авторлық куәлiктердiң, пайдалы модельдердiң және пайдалылығы жөніндегі куәлiктердiң жалпыға ортақ бiрыңғай жiктеме жүйесiн қабылдау ортақ мүдделерге жауап бередi және өнеркәсiптiк меншiк саласында анағұрлым тығыз халықаралық ынтымақтастықты қалыптастырады, сондай-ақ бұл саладағы ұлттық заңнаманы үйлестiруге жәрдемдеседi деп есептей отырып, Соған сәйкес Еуропалық Кеңес Өнертапқыштыққа арналған патенттердi халықаралық жiктеменi құрған 1954 жылғы 19 желтоқсандағы Өнертапқыштыққа арналған халықаралық жiктеме патенттерi бойынша Еуропалық конвенцияның маңызын тани отырып, Бұл Жiктеменiң ортақ құндылығын және оның Өнеркәсiптiк меншiктi қорғау жөніндегі Париж конвенциясына қатысушы барлық елдер үшiн маңызын назарға ала отырып, Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|