Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы 2002 жылғы 1 қазанда күшiне ендi. Келісім Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 10 қыркүйектегі № 989 қаулысына сәйкес бекітілді Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі (бұдан әрi Тараптар деп аталатын), екi мемлекет арасындағы достық және тату көршiлiк қатынасты одан әрi дамыту мен нығайту мақсатында; екi мемлекеттің трансшекаралық өзендерiнің су ресурстарын пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыра отырып; халықаралық құқықтың жалпы жұрт қабылдаған қағидаттары мен нормаларын басшылыққа ала отырып, тәуелсiздiк, егемендік пен аумақтық тұтастық, бiр-бiрінің iшкi iстерiне араласпау, теңдiк пен өзара тиiмділiк және бейбiт қатар өмiр сүру қағидаттарын өзара құрметтеу негiзінде, өзара түсiнiстік, өзара ымыраға келу мен достық консультациялар рухында; екі мемлекет арасындағы трансшекаралық өзендердiң су ресурстарын пайдалану және қорғау саласындағы мәселелердi әдiлеттi әрi ұтымды түрде шеше отырып; осы Келісімдi жасасуды ұйғарды және төмендегiлер туралы келiстi: Осы Келісімдегi «трансшекаралық өзендер» түсiнiгi Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының арасындағы мемлекеттік шекара сызығын кесiп өтетiн, немесе мемлекеттік шекара сызығы бойынша орналасқан барлық өзендер мен арналарды білдiредi. Трансшекаралық өзендердi пайдалану және қорғауда Тараптар әділеттiк пен ұтымдылық қағидаттарын ұстанатын болады, сондай-ақ шынайылық, тату көршілік пен достық тұрғысынан тығыз ынтымақтасады. Тараптар су тасқыны апаттары мен қолдан iстелген авариялардың алдын алу немесе олардың бiр Тараптар мемлекетiне нұқсан келтiретiн ықтимал елеулi зардаптарын жеңiлдету жөнiнде алдын ала тиiстi шаралар қолданып, күш-жігер жұмсайтын болады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|