"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1-бап. "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 7, 225-құжат; № 20, 731-құжат; № 21, 783-құжат; № 23, 916, 928, 930-құжаттар; 2000 ж., № 21, 395-құжат; 2001 ж., № 1, 6-құжат; 2001 жылғы 5 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2001 жылғы 8 мамырда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жұмыс iстеу мәселелерi бойынша толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 3 мамырдағы Заңы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) 1-бапта: алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: "бюджеттік өтiнiм - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгiлеген құрамда және нысандар бойынша бюджеттi әзiрлеу кезiнде бюджеттік бағдарламаны негіздеу және оны қаржыландыру сомасын анықтау үшiн бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi ұсынатын құжаттардың жиынтығы;"; он бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "бюджеттік бағдарлама және кiшi бағдарлама - бюджеттен қаржыландырылатын, мемлекеттік басқару функцияларын және мемлекеттік саясатты iске асыру жөніндегі iс-шаралар кешенi;"; мынадай мазмұндағы он үшiншi абзацпен толықтырылсын: "несиелердi қайтару - бұрын бюджеттен берiлген несиелер бойынша негiзгi борышты қайтару сомасы;"; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|