«Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 4 маусымдағы № 756 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Темір жол көлігін қайта құрылымдаудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Арнайы әскерилендірілген күзет қызметі" және "Теміржолмүлік" еншілес мемлекеттік кәсіпорындары оларды тиісінше "Әскерилендірілген темір жол күзеті" және "Теміржолмүлік" ашық акционерлік қоғамдары (бұдан әрі - Қоғамдар) етіп қайта құру жолымен, жарғылық капиталдарына мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) Қоғамдардың жарғыларын бекіту кезінде: "Әскерилендірілген темір жол күзеті" - темір жолда жүктерді алып жүру және күзету, темір жол саласының объектілерін күзету; "Теміржолмүлік" - ғимараттар мен құрылыстарды ұстау және пайдалану, құрылыс және жөндеу қызметінің негізгі мәні болып белгілесін; 2) Қоғамдардың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|