Жоба Мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Заңы Заңның жобасы Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің қарауына ҚР Үкіметінің 2001 ж. 15 қазандағы № 1324 қаулысына сәйкес енгізілді ҚР 2002 ж. 16 мамырдағы № 321-II Заның қараныз Осы Заң мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердiң, мемлекеттік кәсiпорындардың және акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлік қоғамдардың билiгіндегі ақшаны тиістi пайдалану мақсатында олардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алуды жүзеге асыру процесiнде туындайтын қатынастарды реттейдi. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын ұғымдар Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) мемлекеттік сатып алу - мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердiң, мемлекеттік кәсiпорындардың және акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың өз билiгіндегі ақшаның есебiнен тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алуы; 2) мемлекеттік сатып алу туралы шарт - осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес тапсырыс берушi мен өнiм берушi арасында жасалған азаматтық-құқықтық шарт; 3) тапсырыс берушi - мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдар; 4) конкурс - тапсырыс берушiнiң тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алуына бағытталған және ықтимал өнiм берушiлер арасында ашық та адал бәсекелестiктi көздейтiн мемлекеттік сатып алуды жүргiзу тәсiлi; 5) конкурстық құжаттама - конкурсты өткізу шарттары мен тәртібі қамтылатын, конкурстық өтiнiмдердi дайындау үшiн ықтимал өнiм берушiге ұсынылатын құжаттама; 6) бiртектi тауарлар, жұмыстар және қызметтер - олардың бiрдей функцияларды орындауына және өзара алмастырушы болуына мүмкiндiк беретiн ұқсас сипаттамалары бар әрi ұқсас құрауыштардан тұратын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|