Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрiк Республикасының Үкіметі Келісім Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 4 шілдедегі № 337-ІІ Заңына сәйкес бекітілді Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрiк Республикасының Үкіметі (бұдан әрi - Тараптар деп аталатын), Екi ел арасындағы дәстүрлi достық қатынастарды нығайту, Түрiк Республикасында Қазақстан Республикасының және Қазақстан Республикасында Түрiк Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерiнiң болуы мен жұмыс iстеуiне тиiстi жағдайлар жасауды қамтамасыз ету мақсатында, 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена Конвенциясын назарға ала отырып, Төмендегiлер туралы келiстi: Түрiк Тарапы Қазақстан Тарапына 49 жыл мерзiмге өтеусіз пайдалануға, кейiн осы тақылеттес мерзiмге ұзарта отырып, Түрiк Республикасының Анкара қаласындағы Оран дипломатиялық қалашығында орналасқан алаңы 4294 шаршы метр, 25016/3 - нөмiрлi учаскенi, алаңы 4066 шаршы метр, 25016/4 - нөмiрлi учаскенi және алаңы 2810 шаршы метр, 25012/6 - нөмiрлi учаскенi бередi. Анкара қаласындағы жоғарыда көрсетiлген жер учаскелерi Қазақстан Тарапына жерден ажыратылмайтын жылжымайтын мүлiктiң ауыртпалығынсыз берiлетiн болады. Қазақстан Тарапы көрсетiлген учаскелерде Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң жұмыс iстеуi үшiн қажеттi құрылыстар сала алады. Түрiк Тарапы Анкара қаласындағы Қазақстан Республикасының Елшiлiгi ғимаратының құрылысы аяқталғанға дейiн, Қазақстан Тарапына Түрiк Республикасы, Анкара қаласы, Марты Чыкмазы, 14, Бiлкент 1, Бiлкент-Анкара мекен-жайы бойынша орналасқан, жалпы алаңы 260 шаршы метр ғимаратты өтеусiз пайдалануға бередi. Түрiк Тарапы Анкара қаласындағы Қазақстан Республикасының Елшiлiгi ғимаратының құрылысы аяқталғанға дейiн, Түрiк Республикасы, Анкара қаласы, Ебузия Тевфик Сокак 6, Чанкая-Анкара мекен-жайы бойынша орналасқан, жалпы алаңы 652 шаршы метр Қазақстан Республикасының Түрiк Республикасындағы Елшiлiгi ғимаратының жалға алу ақысын төлейдi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|