|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 наурыздағы № 215 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 наурыздағы № 288 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі 1999-2003 жылдар кезеңіне арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 наурыздағы № 215 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 8, 60-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулыға 2-қосымшада: Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамына: Мыңбаев Сауат - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Мұхаметбайұлы министрі, төраға болып Исмайылов Шахмұрат - Қазақстан Республикасының Туберкулез Шайымұлы проблемасы ұлттық орталығы туберкулез ғылыми-зерттеу институтының директоры енгізілсін; Жәнібек Сәлімұлы Кәрібжанов, Амангелді Әбдірахманұлы Жангереев көрсетілген құрамнан шығарылсын; "Нұрқиянов Төлеухан - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Мұратханұлы бірінші вице-министрі - Қазақстан Республикасы Мал дәрігерлік қадағалау комитетінің төрағасы, төрағаның орынбасары Тұрсынқұлов - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Шахайдар министрлігінің Мал дәрігерлік қадағалау комитеті Жорабекұлы төрағасының орынбасары, төрағаның орынбасары Дүрімбетов Еркін - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, Ермекұлы білім және спорт министрлігінің Денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары Иванов Николай - Қазақ мал дәрігерлігі ғылыми-зерттеу Петрович институты ауыл шаруашылығы жануарларының бруцеллезін зерттеу жөніндегі лабораториясының меңгерушісі" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: "Нұрқиянов Төлеухан - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Мұратханұлы вице-министрі, төрағаның орынбасары Тұрсынқұлов - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Шахайдар министрлігі Мал дәрігерлік қадағалау Жорабекұлы департаментінің директоры, төрағаның орынбасары Дүрімбетов Еркін - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Ермекұлы істері жөніндегі агенттігінің төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Иванов Николай - Қазақ мал дәрігерлігі ғылыми-зерттеу Петрович институты ауыл шаруашылығы жануарларының бруцеллезін зерттеу жөніндегі лабораториясының бас ғылыми қызметкері" 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |