Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі 2001 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары бекітілді. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 1997 жылғы "Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы" атты Жолдауында жария етілген "Қазақстан 2030" ұзақ мерзімді даму стратегиясы ел дамуының алдын ала және үш онжылдық кезеңін іске асыруды көздейтіні белгілі. Қазақстан халқына 2000 жылы жария етілген "Еркін, тиімді де қауіпсіз қоғамға қадам басайық" Жолдауында Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткеніндей, "ұзақ мерзімді стратегия айқындаған реформалардың бірінші кезеңі аяқталды, ал алғашқы үш жылға алға қойылған міндеттер орындалды". 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының қабылдануы Қазақстан ел дамуының ұзақ мерзімді стратегиясын орындауды жалғастырып, тереңдете түсетінін білдіреді. Стратегиялық жоспар әлемнің көптеген дамыған мемлекеттерінің тәжірибесін ескере отырып талдап жасалған. Сонымен бірге ол ұлттық экономиканың, әлеуметтік саланың, экологияның, саяси және әкімшілік жүйенің қазіргі кезеңде қалыптасып отырған күшті және әлсіз жақтарын объективтік талдау мен ескеруге негізделген. Жан-жақты талдаудың негізінде Стратегиялық жоспарда экономикалық, әлеуметтік, саяси салалар мен мемлекеттік басқару саласында мемлекет пен қоғамның алдына алдағы он жылға нақты міндеттер қойылған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|