Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне темір жол көлiгi 1. Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат): 17-1-баптың үшiншi бөлiгi алып тасталсын; 2) "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" 1995 жылғы 20 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 13, № 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 18, 367-құжат; 1997 ж., № 11, 144-құжат; № 12, 189-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 4, 46-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 20, 717-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат; № 10, 244-құжат; № 18, 338-құжат): 154-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Темір жол станциясындағы кеден органдары өз қызметін темір жол станциясымен келісілген жұмыс режимiмен жүзеге асырады."; 195-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының ?кіметi белгiлейтiн тiзбе бойынша ерекше сақтау жағдайларын қажет ететiн (тез бүлiнетiн) тауарларға қатысты кедендiк декларация тапсырудың мерзiмi оларды Қазақстан Республикасының кеден органына табыс еткен күннен бастап үш күннен аспауға тиiс."; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|