|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен күші жойылды "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдеріне толықтырулар енгізілсін: 1) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 наурыздағы № 223 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 8, 63-құжат); көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі туралы ережеде: 11-тармақта: сегізінші абзацта "жылжитын мүлік кепілдігін және" деген сөздерден кейін "қаржы лизингі шарттарын," деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын: "өз құзыреті шегінде бағалау қызметі саласында бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру;"; 12-тармақта: 4) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "қаржы лизингінің шарттарын тіркеу;"; мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын: "11) өз құзыреті шегінде бағалау қызметі саласында: әдістемелік, нормативтік құқықтық қамтамасыз ету; бағалау қызметі субъектілерінің бағалау қызметінің белгіленген әдістемелерін, нормаларын, ережелерін және заңнаманы сақтауын бақылау."; 2) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 маусымдағы № 771 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 27, 260-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті туралы ережеде: 10-тармақта: 1) тармақша "жылжымалы мүліктің кепілін" деген сөздерден кейін "және қаржы лизингінің шарттарын" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: "5) өз құзыреті шегінде бағалау қызметі саласында бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру."; 11-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1), 7-2), 7-3), 7-4) тармақшалармен толықтырылсын: "7-1) өз құзыреті шегінде бағалау қызметі саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту; 7-2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен бағалау қызметі мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау; 7-3) бағалаушылардың кәсіби даярлауды жүзеге асыратын білім беру мекемелеріне қойылатын талаптардың тізбесін келісу; 7-4) өз құзыреті шегінде бағалау қызметі саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |