|
|
|
2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек департаментінің түсініктемесін қараңыз Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері: 1) 1-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацында және 2-тармақта көрсетілгеннен басқа, 1994 жылғы 1 каңтарға дейін тағайындалған зейнетақылар - алып жүрген зейнетақы мөлшерінің 25 процентіне; 2) 1994 жылғы 1 қаңтардан бастап 1997 жылғы 31 желтоқсан кезеңінде тағайындалған зейнетақылар; 1994 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған және зейнетақы тағайындалғаннан кейінгі жұмыс істеген екі жылғы анағұрлым жоғары жалақысынан қайта есептелген зейнетақылар - алып жүрген зейнетақы мөлшерінен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі № 1199 қаулысымен макұлданған 2001 жылғы тұтыну бағаларының орташа жылдық индексіне; 3) 1998 жылғы 1 каңтар - 2001 жылғы 31 желтоқсанда тағайындалған, 2-тармақта көрсетілгеннен басқа зейнетақылар - 2001 жылы белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі № 1199 қаулысымен мақұлданған 2001 жылғы тұтыну бағаларының орташа жылдық индексіне арттырылсын. 2. Алып жүрген зейнетақы мөлшерінен, 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының қызметшілеріне еңбек өткерген жылдары үшін тағайындалған зейнетақы төлемдері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі № 1199 қаулысмен мақұлданған 2001 жылғы тұтыну бағаларының орташа жылдық индексіне арттырылсын. 3. Зейнетақы төлемдерінің арттырылған мөлшері тиісті қаржы жылына арнап бекітілген 25 еселенген бір айлық есептік көрсеткіштің 75 процентінен аспайтын болып белгіленсін. 4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік корғау министрлігі: бір ай мерзімде осы қаулыны қолдану жөнінде түсіндірме әзірлесін; зейнетақы төлемдерінің арттырылуын ескере отырып, оларды төлеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етсін. 5. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттырудың тәртібі туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 1854 қаулысы (Қазақстан Республикасы ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 53, 528-құжат); 2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 1854 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 13 каңтардағы № 42 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 1-2, 12- кұжат); 3. "2001 жылы Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 5 наурыздағы № 329 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N9, 106-құжат) 2-тармағы. 6. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |