|
|
|
Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының республикалық "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Заңын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 17.05.02 ж. № 106a; 29.05.02 ж. № 106б қаулыларымен 1-тармақ өзгерді 1. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18 және 21 қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттары бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2002 жылғы 25 қантардағы № 106 қаулысына 1 қосымша Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсі 2002 жылға арналған "Әкiмшiлiк шығындар" республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 107876 мың теңге (жүз жетi миллион сегiз жүз жетпiс алты мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 21-25 баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік бюджет есебiнен қамтылған, Қазақстан Республикасы органдары жұмысшыларының еңбек ақысын төлеудің бiрыңғай жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы № 575 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының кейбір мәселелерi туралы" 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы; 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының орталық аппаратының қызметiн, оған жүктелген мiндеттердi барынша тиiмдi орындау үшiн қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының - орталық органының аппаратын күтіп ұстау. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасына жүктелген қызметтерді сапалы және мезгілінде орындау. Үкіметінiң 2002 жылғы 25 қантардағы № 106 қаулысына 2 қосымша Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсі 2002 жылға арналған "Литерлiк рейстерге қызмет көрсету" республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 844444 мың теңге (сегiз жүз қырық төрт миллион төрт жүз қырық төрт мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2733 Конституциялық Заңының 28, 30-баптары; "Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы; "Бүркiт" мемлекеттік авиакомпаниясы" РМК республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 18 мамырдағы № 745 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың көздерi: республикалық бюджет. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Президентінің және қызмет көрсетiлетiн тұлғалардың кедергiсiз жол жүруiне жағдай жасау, қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: литерлiк рейстердi ұйымдастыру. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Қазақстан Республикасының Президенті мен қызмет көрсетілетін тұлғалар жұмысын жұмылдыру мен жеңілдетуді қамтамасыз ету. Үкіметінiң 2002 жылғы 25 қантардағы № 106 қаулысына 3 қосымша Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсі 2002 жылға арналған "Мемлекеттік резиденциялардың қызметiн қамтамасыз ету" республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 921334 мың теңге (тоғыз жүз жиырма бiр миллион үш жүз отыз төрт мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық Заңының 28-30 баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Президентi Iс Басқармасының кейбір мәселелерi туралы" 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы" Республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы" 1997 жылғы 8 қазандағы № 1428 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Мемлекеттік резиденцияларды жоғары деңгейде толық күтіп ұстау. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Мемлекеттік резиденцияларды пайдалану және арнайы шараларды өткізу. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: арнайы шараларды жоғары деңгейде өткізу; Қызмет көрсететін мемлекеттік резиденциялардың қанағаттанарлық жағдайы. Үкіметінiң 2002 жылғы 25 қантардағы № 106 қаулысына 4 қосымша Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсі 2002 жылға арналған "Үкiмет үйлерiн ұстау" республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 614628 мың теңге (алты жүз он төрт миллион алты жүз жиырма сегiз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы; "Кейбір республикалық мемлекеттік кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1724 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының "Қараөткел" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 маусымдағы № 793 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қызмет ғимараттарын пайдалануды жүзеге асыру және жабдықтау функциясы. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi мен Үкіметін материалдық-техникалық, әлеуметтік-тұрмыстық жағынан қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Мемлекеттік қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жасау. Үкіметінiң 2002 жылғы 25 қантардағы № 106 қаулысына 5 қосымша Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсі 2002 жылға арналған "Ресми делегацияларға қызмет көрсету" республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 145000 мың теңге (жүз қырық бес миллион теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ресми делегацияларға жоғары деңгейде қызмет көрсету. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: ресми делегацияларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: ресми делегацияларды қабылдау, Қазақстан Республикасының халықаралық деңгейдегі имиджін арттыру. Үкіметінiң 2002 жылғы 25 қантардағы № 106 қаулысына 6 қосымша Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсі 2002 жылға арналған "Астана қаласындағы объектілерді салуға берілген вексельдер бойынша есептер" республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 154100 мың теңге (жүз елу төрт миллион жүз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарызды алу және қарыз туралы" 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңының 4 және 13 баптары. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Астана қаласында объектілерді салу бойынша Қазақстан Республикасының міндеттерін қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы мен "Мабетекс-Сиагас" Консорциумы, "Мабко" ЖШС мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің арасындағы 1997 жылғы 10 қыркүйектегі келісімді орындау. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: 1997 жылғы 10 қыркүйектегі келісімнің талаптарын орындау. Үкіметінiң 2002 жылғы 25 қантардағы № 106 қаулысына 7 қосымша Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсі 2002 жылға арналған "Мемлекеттік наградаларды, олардың құжаттарын, құрмет дипломдарын және кеуде белгiлерiн дайындау" республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 35000 мың теңге (отыз бес миллион теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 Заңының 2-бабы; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларына ұсыну және оларды беру, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгiсiн дайындау және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларының белгiлерiн бейнелеу тәртібі жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 қарашадағы № 90 Өкімі. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: (наградалар резервiн) жинақтаушы қорды толықтыру. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік наградалар, олардың құжаттарын, құрмет дипломдарын және кеуде белгілерiн дайындау. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: мемлекеттік наградалар дайындау. Үкіметінiң 2002 жылғы 25 қантардағы № 106 қаулысына 8 қосымша Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсі 2002 жылға арналған "Автомашиналар паркін жаңарту" республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 154600 мың теңге (жүз елу төрт миллион алты жүз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасы Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: автомашиналар паркін жаңарту. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: автомашиналар сатып алу. ҚР Үкіметінің 29.05.02 ж. № 106в; 01.10.02 ж. № 106г қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Мемлекеттік органдарға сапалы көлік қызметін көрсету және қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Үкіметінiң 2002 жылғы 25 қантардағы № 106 қаулысына 9 қосымша Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсі 2002 жылға арналған "Азаматтардың жеке категорияларына медициналық жәрдем көрсету" республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 617917 мың теңге (алты жүз он жетi миллион тоғыз жүз он жетi мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау туралы" 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 16, 25, 26 және 42-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы азаматтары денсаулығының жағдайын жақсарту бойынша қолданылатын бiрiншi кезектегi iс-шаралар туралы" 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының кейбір мәселелерi туралы" 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының Медициналық орталығына тiркеу тәртібі туралы" 1999 жылғы 21 желтоқсандағы N IБ-01/76 Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының бұйрығы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының Медициналық орталығына тiркелген және қызмет көрсетiлетiн азаматтар категорияларының денсаулығын сақтау және нығайту. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: тiркелген контингентке білікті және маманданған медициналық жәрдем көрсету. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралардың жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығына тіркелген және қызмет көрсетілетін азаматтар категорияларының ауруын төмендету. Үкіметінiң 2002 жылғы 25 қантардағы № 106 қаулысына 10 қосымша Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсі 2002 жылға арналған "Медициналық мекемелердi техникалық және ақпараттық қамтамасыз ету" республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 15773 мың теңге (он бес миллион жетi жүз жетпiс үш мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Президентi Іс Басқармасының кейбір мәселелерi туралы" 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: тiркелген контингентке көрсетiлетiн медициналық жәрдемнiң көлемi мен сапасын жақсартуға негiз болатын қазiргi заманғы медициналық технологияларды аурудың алдын алу, зерттеу және емдеу салаларына енгізу. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Медициналық орталыққа қарасты мекемелер мен кәсiпорындардың жүйесiнде қазiргi заманғы медициналық технологияларды әзiрлеу және енгізу. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiнде iс-шаралардың жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: жаңа технологиялар жөнінде Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық Орталығына қарасты мекемелердің ақпараттық хабардар болу деңгейін көтеру; Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық Орталығын тұрақты қаржыландыру негізінде, тіркелген контингентке медициналық қызмет көрсетудің біліктілігі мен сапасын көтеру. Үкіметінiң 2002 жылғы 25 қантардағы № 106 қаулысына 11 қосымша Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсі 2002 жылға арналған "Республикалық деңгейдегi санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау" республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 19767 мың теңге (он тоғыз миллион жетi жүз алпыс жетi мың теңге).
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |