Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне жекелеген қару түрлерінің 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер енгізілсін: 1. "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998., № 24, 448-құжат): бірінші бөлікте "мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет туралы заңға сәйкес қызметі мемлекеттік қызметшілердің жоғары және бірінші санаттарына жатқызылған лауазымды адамдарының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметтік қару иемденіп алуға (алуға) құқығы бар мемлекеттік саяси қызметшілердің" деген сөздермен ауыстырылсын, "судьялардың," деген сөз алып тасталсын; төртінші бөліктегі "Ерекше жарғылық міндеттері бар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғалар пайдаланатын қаруды қоспағанда," деген сөздер алып тасталып, "қызметтік" деген сөз бас әріппен жазылсын; 2) 14-баптың 1-тармағындағы "азаматтық және" деген сөздер алып тасталсын; 3) 15-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі екінші сөйлем "Рұқсаттың нысанын және оның қолданылу мерзімін ұзарту тәртібін қару айналымын бақылау саласындағы уәкілетті орган айқындайды." деген мазмұндағы сөйлеммен ауыстырылсын; 4) 29-баптың 1-тармағы 3) тармақшасының төртінші абзацындағы "жоғары және бірінші санаттардағы мемлекеттік қызметшілердің" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметтік қару иемденіп алуға (алуға) құқығы бар мемлекеттік саяси қызметшілердің" деген сөздермен ауыстырылсын, "Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты судьяларының," деген сөздер алып тасталсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|